Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (бұдан ары – Бағдарлама)

Бағдарламаның мақсаты – магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Бағдарламаға түсуге конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:
1)  өтінім тапсыратын нақты магистратура бағдарламасына қабылдау қағидаларының ережелеріне (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;

2) IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 болып табылады, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.0 немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет*

* “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 болуы қажет, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.5 немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет*

Оқу нысаны

күндізгі

Бағдарламаның басталу күні

2019 жылдың тамыз айы

Бағдарлама ұзақтығы

1 академиялық жыл

Оқу орны

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Астана қ.

Байланыс телефоны

+7 7172 642584

Вебсайт    

www.nu.edu.kz