Назарбаев Университетінің Инженерлік және сандық ғылымдар мектебі Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия және инженерлік менеджмент саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Инженерия мектебі Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады.
Онлайн тіркеу мерзімі:
Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін.
Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек.
Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:
- Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
|
- CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
|
- Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
- Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
|
- Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;
|
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
|
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
|
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
|
- Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
|
- Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
|
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет.
|
- Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
|
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
|
- Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
|
- Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;
|
Маңызды ақпарат:
- Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Сұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.
|
- Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.
|
- Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
|
- Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
|
- Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
|
- Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
|
Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:
Байланыс ақпараты:
Email: Info_admissions@nu.edu.kz
Телефон: +7 /7172/ 642 584