Магистратура / Резидентура

Магистратура бағдарламасын Назарбаев Университетінің жеті Мектебі ұсынады.

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (NUZYP)
Жоғары бизнес мектебі
Инженерлік және сандық ғылымдар мектебі
Медицина мектебі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Жоғары білім беру мектебі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Магистратура бағдарламасы “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді. «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама.Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (бұдан ары – Бағдарлама). Бағдарламаның мақсаты - магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама гысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Жоспарланған магистратура бағдарламасының тіркелу мерзімін тексеріңіз.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ


Бағдарламаға өтінім беру үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1) магистратура бағдарламасының минималды қабылдау талаптарына (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;
– IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 (тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет;
– IELTS тесті бойынша жалпы балл – 6.0 (тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.5) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет, “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Жоспарланған магистратура бағдарламасының құжаттар тізімін тексеріңіз.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (ЖБМ) – іскери көшбасшылар үшін құрылған перспективалық академиялық мекеме. Мектеп әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірінде бизнесті басқару саласындағы білім берудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Біздің бағдарламалар бизнес-басқару саласында жоғары сапалы білім алуға, өзінің іскери байланысын кеңейтуге және алған білім мен дағдыларын өз қызметінде барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркеу мерзімі:

Ерте тіркелу:2019 жылдың 4-ші қарашасынан 2020 жылдың 1-ші сәуіріне дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).Онлайн тіркелу тегін.
*Стандартты тіркелу:2020 жылдың 2-ші сәуірінен 12-ші мамырына дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).Онлайн тіркелу жарнасы ALEKS тестін қоса алғанда, 30 000 теңгені құрайды (ALEKS тестін қайта тапсыру – 10 000 теңге).
**Кеш тіркелу:2020 жылдың 13-ші мамырынан 1-ші маусымына дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).Онлайн тіркелу төлемақысы ALEKS тестін қоса алғанда, 40 000 теңгені құрайды (ALEKS тестін қайта тапсыру – 10 000 теңге).
* "Қаржы ғылымдары магистрі" бағдарламасына 2020 жылдың 29-шы мамырына дейін (қоса алғанда) cтандартты тіркелу ұзартылды.
**Тек қана “Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру” және “Іскери әкімшілендіру” бағдарламаларға.  

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
  • Бакалавр және/немесе магистр (немесе оған балама) дәрежесі бар білімі туралы дипломының болуы тиіс.
  • Үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы “Іскери әкімшілендіру магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.75-тен төмен емес, “Қаржы ғылымдары магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.67-тен төмен емес.
Болған жағдайда
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

  • ағылшын тілін білу деңгейін растайтын бағдарлама басталғанға дейін жарамды ресми сертификат: – IELTS: 6.5, – TOEFL PBT: 575, – TOEFL IBT: 90

  • IELTS немесе TOEFL бойынша төмен балл жинаған кейбір үміткерлер ЕМВА бағдарламасына құнды үлес қосуы мүмкін. Осыған орай белгіленген деңгейден төмен балл жинаған үміткерлердің ағылшын тілі деңгейін Қабылдау комиссиясы өз бетінше бағалауы және тануы мүмкін. Осындай үміткерлерге қолдау көрсету үшін сабақтардың ілеспе аудармасы мен оқу материалдарының орыс тіліне аудармасы ұсынылуы мүмкін;

  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Болған жағдайда

Болған жағдайда

  • Жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Үміткерлер ұлттық компанияларда, жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда басшы лауазымында болулары тиіс. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша 5 жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар үздік үміткерлер конкурсқа жіберілуі мүмкін.
  • Талдау және математикалық қабілеттерін көрсететін жарамды GRE/ GMAT сертификатымен қамтамасыз ету
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/ GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша)
Болған жағдайда
  • Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

 
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін).Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
 
  • Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Ағылшын тілінде бір эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  • Ағылшын тілінде екі эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  • Корпоративтік қолдау хаты, оқу ақысын толығымен өз бетімен төлейтін үміткерлер үшін міндеттеме хаты немесе грант тағайындауға арналған толтырылған нысан;
  • оқу құнын толығымен төлеу және үміткерге Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысуда қолдау көрсету міндеттемелерімен жұмыс берушіден ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аударылған) корпоративтік қолдау хаты;
  • Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;
  • Ресми GMAT немесе GRE сертификаттары;
  • НУЖБМ негізінде өткізілетін ALEKS тестінің нәтижесі (немесе GMAT, GRE сертификаттары);
  • Valid GMAT or GRE Test Report. Although an official GMAT or GRE score is not an essential requirement, an applicant with limited quantitative experience can strengthen her/his application with a competitive GMAT or GRE score;
  • Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).
  • үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен)
  • Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс).

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Арайлым МагауинаҚабылдау бойынша аға менеджерe-mail: arailym.magauina@nu.edu.kzтел. +7 (7172) 70 91 74
Данагуль ТолеубаеваҚабылдау бойынша маманe-mail: danagul.toleubayeva@nu.edu.kzтел. +7 (7172) 70 90 28

Назарбаев Университетінің Инженерлік және сандық ғылымдар мектебі (ИСҒМ) Қазақстанда және Орта Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия, инженерлік менеджмент және компьютерлік ғылымдар саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. ИСҒМ студенттер саны бойынша Назарбаев Университетінің ең үлкен мектебі болып табылады.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Ерте тіркелу:2019 жылдың 4-ші қарашасынан 2020 жылдың 1-ші сәуіріне дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).Онлайн тіркелу тегін.
Стандартты тіркелу:2020 жылдың 2-ші сәуірінен 12-ші мамырына дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).
Онлайн тіркелу төлемақысы 5000 теңгені құрайды.
 
Кеш тіркелу:2020 жылдың 13-ші мамырынан 1-ші маусымына дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:59 дейін).

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (ММ) бұл Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтау, білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы медицина көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін, американдық оқыту жүйесінің негізінде құрылған ең алғашқы оқу орны болып табылады. Мектеп медициналық білім беру саласында әлемдік деңгейге жетуді және білім беру мен биомедициналық зерттеулер саласында жаңашылдыққа, ғылым мен білімге қолдау көрсетілетін тұрақты және ынталы академиялық ортаны құру арқылы жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. Медицина мектебі магистратура бағдарламаларын, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларын ұсынады.

Магистратура, медицина докторы және резидентура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Ерте тіркелу:2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда).Онлайн тіркелу тегін.
Стандартты тіркелу:
Магистартура және Медицина докторы бағдарламаларына 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 12-ші мамырына дейін (қоса алғанда).
Онлайн тіркелу жарнасы 5000 теңгені құрайды.
Резидентура бағдарламаларына 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 12-ші мамырына дейін (қоса алғанда).  

 

 

Магистратура бағдарламалары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, Молекулалық медицина саласындағы магистратура, Фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Онлайн тіркеу мерзімі:

Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін.

Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.

Талаптар:

Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура мен фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар:

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;
  2. Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;
  3. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
    1. ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
    2. ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
    3. егер үміткер Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

 

Регистрация кезеңдері


Бағдарламаға түсетін үміткерлер:

  1. Университеттің ішкі құжаттарында белгіленген тіркеу жарнасын алдын ала төлеп, Университеттің ресми сайтындағы жеке кабинетте орналастырылған өтінім нысанын толтырулары;
  2. Қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін өтінімді берудің ең соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетке орналастырулары тиіс.

Құжаттар тізімі бойынша тексеру парағы:

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  4. Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  5. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (егер қолданылса);
  6. Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  7. Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  8. Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  9. Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  10. Медициналық анықтама 086у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  11. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  12. Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  13. Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  14. Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.[/su_expand]

«Медицина докторы» бағдарламасы

Талаптар

  1. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі (немесе олардың баламасы).
  2. 4.00 балдық шкала бойынша орташа балл 3.00 (немесе 5.00 балдық шкала бойынша оның баламасы).
  3. Зертханасымен бірге «биология» пәні бойынша оқытудың бір жылын және зертханасымен бірге жалпы химия немесе баламасы бойынша оқытудың бір жылын қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, кемінде екі ғылыми пәннен өту.
  4. Ағылшын тілін міндетті білу деңгейі IELTS бойынша 7.0 балға тең, әрбір секцияда 6.0 кем емес немесе компьютерлік нұсқа үшін (СВТ) 250 балл, қағаз бетіндегі нұсқа үшін (PBT) 600 балл немесе TOEFL тестілеуінің интернет-нұсқасы үшін (IBT) 100 балл. Қабылдау комиссиясының шешімімен өтініш білдіруші ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан келесі жағдайларда босатылуы мүмкін:
    • егер өтініш білдірушінің академиялық дәрежелерінің бірі ағылшын тілі ресми қатынас, оқыту және күнделікті қолданыс тілі болып саналатын елде алынса;
    • бакалавр немесе магистр дәрежесін ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама нәтижесінде алған болса;
    • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылған жағдайда.
  5. Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 489 болуы тиіс.

 

Қажетті құжаттар

  1. Өтініштің толтырылған нысанын порталда тіркеуден кейін жүктеп алуға болады.
  2. Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екіден бастап (минимум) төртке дейінгі (максимум) ұсыным хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс.
  3. Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады.
  4. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты.
  5. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар МСАТ нәтижесі. Нәтиже жарамды болып есептелуі үшін МСАТ-тың ұсынылған нәтижелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш жыл бұрын өткен тестілеуге сәйкес болуы тиіс.
  6. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама Медициналық анықтама (086У нысаны).
  7. Медициналық анықтама 086у (ҚР азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама немесе Университет сұраған басқа құжаттар (шетел азаматтары үшін);
  8. Өтініш берушінің сканерден өткізілген жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).
  9. Негіздеме хат (500 сөзге дейін).
  10. Үміткер Мектепке қандай үлес қосатындығы жайлы эссе (500 сөзге дейiн).[/su_expand]

Резидентура бағдарламалары

Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу


Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  4. Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  5. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (егер қолданылса);
  6. Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  7. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  8. Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  9. Медициналық анықтама 086у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  10. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  11. Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.


Шартты түрде оқуға алу

НУММ Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді НУММ Қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Шартты түрде қабылдау бойынша Бағдарламаға құжаттарын ұсынатын үміткерлерде келесі құжаттар болу керек:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат;
  • UMC-ден ұсыным хат.


Бірінші оқу жылына Шартты түрде алынған үміткерлерге келесі шарттар қолданылады:

  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі.


Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.


Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.


Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. UMC-ден ұсыным хат;
  4. Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  5. Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  6. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  7. Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  8. Медициналық анықтама 086у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  9. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  10. Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ) бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары салаларында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу қазіргі уақытта қол жетімді емес

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Экономика

Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар
  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 (бір секция бойынша кемінде 5.5 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

                – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

                – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Экономика

Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

Тау-кен ісі жəне Жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖҒМ) жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы табиғи ресурстар саласында дарынды және əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Мектеп 2 магистратура және 2 докторантура бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар өндіру жұмыстарын жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларына және білімді дамытуға бағытталған.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу қазіргі уақытта қол жетімді емес

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

Жоғары бiлiм беру мектебi (ЖББМ) алғашқы студенттерін 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдады. ЖББМ басты мақсаты - білім беру саласындағы басқарушыларды даярлау және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуына белсенді атсалысу. Қазіргі таңда Мектеп магистратура және докторантура, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуда.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу қазіргі уақытта қол жетімді емес 

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.67;
  • 2 жылдық жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • 3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі
  • Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

– IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

– Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);
  • Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайтынан табуға болады);
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  5. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  8. Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған екі эссе;
  9. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
  10. Түйіндеме;
  11. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. ЖМСМ студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. ЖМСМ 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу қазіргі уақытта қол жетімді емес 

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
  • Назар аударыңыз! Назарбаев Университеті форс-мажор жағдайларына байланысты IELTS / TOEFL тестін тапсыра алмайтын талапкерлерге ағылшын тілін білуін анықтау үшін 2020-2021 оқу жылына балама «Duolingo English Test» ұсынады. Қабылдау комиссиясы «Duolingo English Test» тестінің нәтижелерін қарастыру үшін үміткерлер кем дегенде 105 балл жинауы керек (егер IELTS 6.5 / TOEFL 79 үшін минималды талап етілетін балл болса) немесе 115 (егер IELTS 7.0 / TOEFL 94 үшін минималды талап етілетін балл болса). «Duolingo English Test» (IELTS 5.5 / TOEFL 46) бойынша 80-100 балл жинайтын үміткерлер “Назарбаев Университеті магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасына (NUZYP) оқуға түсе алады. “Duolingo English Test” емтиханына келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://englishtest.duolingo.com
  • Магистратура бағдарламаларына IELTS/TOEFL/Duolingo English test, GRE/GMAT*** сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 10-шы маусым. “Қаржы ғылымдары магистрі” бағдарламасына GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 15-ші маусым.

МАҢЫЗДЫ
  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. IELTS/TOEFL сертификатын онлайн тіркелудің соңғы мерзімінен кейін жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай арқылы жіберуге болады.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Cұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.
  • Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
  • Стандартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:
    1. GRE – 6496
    2. TOEFL – 6762
    3. GMAT – H6m-R7-93
    4. IELTS – Nazarbayev University

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
  • Назарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
  • Назарбаев Университетінің Үздіксіз білім беру департаменті тілдік курстарын, халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға дайындық курстарын өтуге, сондай-ақ халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға мүмкіндік береді: SAT, TOEFL PDT, GRE PBT, TOEFL iBT, GRE CBT, GMAT, PMI, TOEFL ITP, TOEIC). Қосымша ақпарат мына жерде.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
  • Email: Info_admissions@nu.edu.kz
  • Телефон: +7 /7172/ 642 584