Кәсіби бағдарлаушылар семинары

2013 жылдан бастап Назарбаев Университеті жыл сайын Кәсіби бағдарлаушылар семинарын өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында Семинар еліміздің түпкір-түпкірінен келетін кәсіби бағдарлаушылардың, осы бағытқа жауапты мектеп және білім беру басқармалары қызметкерлерінің өзара білім және тәжірибелерімен алмасатын алаңға айналды. Семинардың негізгі мақсаты кәсіби бағдарлау саласындағы өзекті мәселелер мен ағымдарды талқылау және кәсіби бағдарлаушылардың біліктілігін арттыру.

2020 жылдың 27-28 қыркүйегінде VII Кәсіби бағдарлаушылар семинарын алғаш рет Zoom платформасында онлайн форматта өткізу жоспарланып отыр. Семинар тақырыбы: «Тұрақсыздық, белгісіздік, күрделілік және беймәлімдік (VUCA) жағдайында оқуға түсу». Назарбаев Университетінің он жылдығына орай және Семинар қатысушыларының пікірлері негізінде осы жылғы Семинар аясында Қазақстанда алғашқы Халықаралық мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау ассоциациясын құру жоспарланып отыр.

Семинарға кәсіби бағдарлаумен айналысатын мектеп қызметкерлері, кәсіби бағдарлаушылар, білім беру орталықтары өкілдері және басқа да қызығушылық танытқандар шақырылады. Семинардың жұмыс тілдері: орыс және қазақ тілдері. Семинарға қатысу тегін. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Семинарға қатысу үшін төменде көрсетілген тіркелу формасын 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін толтыру қажет. Семинарға қатысуға қажетті Zoom платформасына сілтеме тіркелген қатысушылардың электронды пошталарына жіберіледі.

 VII Кәсіби бағдарлаушылар семинарының бағдарламасы

«Тұрақсыздық, белгісіздік, күрделілік және беймәлімдік (VUCA)

жағдайында оқуға түсу»

Өткізілу күні

 

2020 жылғы 27 – 28 қыркүйек

Өткізілу форматы

 

Онлайн, Zoom платформасында

 

 I КҮН – 27 қыркүйек 2020 ж.

Уақыты

 

Іс-шара

                                             Спикерлер

10.25 – 10.40

 

Zoom платформасында тіркелу

 

10.40 – 11.00

 

Семинардың 1-күнінің ашылу салтанаты

 

Алғы сөз

Айжамал Жазыкпаева - Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің директоры

 

Баяндама тілі: орыс

11.00 – 17.00

 

«Назарбаев Университеті виртуалды ашық есік күні» іс-шарасына қатысу

Назарбаев Университетінің өкілдері және шақырылған қонақтар – семинар қатысушыларының таңдауы бойынша

 

II КҮН – 28 қыркүйек 2020 ж.

Уақыты

 

Іс-шара

                                             Спикерлер

08:4509:00

 

Zoom платформасында тіркелу

 

09:00 – 09:20

 

Семинардың 2-күнінің ашылу салтанаты

 

Алғы сөз

Ребекка Картер - Назарбаев Университеті Регистраторы және студенттер үлгерімі бойынша бас директоры

 

Баяндама тілі: ағылшын

09.20 – 09.40

 

Презентация

«Ұлы дала кеңістігінде жаңа буын университетін ашу»

Арман Жумажанов - Назарбаев Университеті Президент Офисінің басшысы

Баяндама тілі: орыс

09.40 – 09.50

 

Сұрақ-жауап сессиясы

09.50 – 10.10

 

Презентация

«Халықаралық мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау бірлестігі»

Айжамал Жазыкпаева - Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің директоры

 

Баяндама тілі: орыс

10.10 – 10.20

 

Сұрақ-жауап сессиясы

10.20 – 10.40

 

Презентация

«Қазақстандық оқушыларға өз бағытын дұрыс таңдауға не кедергі және оның себебі мен салдары?»

Нурмухаммед Досыбаев - «ASTANA GARDEN SCHOOL» жеке меншік мектебінің негізін қалаушы және Бас директоры

 

Баяндама тілі: қазақ

10.40 – 10.50

 

Сұрақ-жауап сессиясы

10.50 – 11.10

 

Презентация

«Балалар мен жасөспірімдердің эмоционалды интеллектісін және өмірлік дағдыларын дамытудың маңыздылығы туралы»

Елена Норакидзе - Психолог, «Икемді және қатаң дағдылар. Эмоционалды интеллектіні дамытудың негіздері» кітабының бірлескен авторы

 

Баяндама тілі: орыс

11.10 – 11.20

 

Сұрақ-жауап сессиясы

11.20 – 11.40

 

Презентация

«Онлайн оқытуға арналған тиімді құралдар»

Асет Кабдыгалиев - «Шоқан» жеке меншік мектебінің информатика пәні мұғалімі

 

Баяндама тілі: орыс

11.40 – 11.50

 

Сұрақ-жауап сессиясы

11.50 – 12.10

 

Презентация

«Қостанай облысының мысалында студенттік көші-қон себептері мен салдары»

Нурхан Омарбеков - Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің аға менеджері

 

Баяндама тілі: орыс

12.10 – 12.20

 

Сұрақ-жауап сессиясы

12.2013.30

 

Үзіліс

13.30 – 13.50

 

Презентация 

«Назарбаев Университетінің Университет алдындағы Дайындық бағдарламасындағы өзгерістер»

Роберт Доблер - Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің Бас директоры  

 

Баяндама тілі: ағылшын

13.50 – 14.00

 

Сұрақ-жауап сессиясы

14.00 – 14.20

 

Презентация 

«NURIS - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері»

Чингис Айтжанов - NURIS Бизнес-инкубаторының менеджері

 

Баяндама тілі: орыс

14.20 – 14.30

 

Сұрақ-жауап сессиясы

14.30 – 14.50

 

Презентация 

«АҚШ университеттерінде студенттерді оқуға стандартталған тестілерсіз қабылдауға көшу: NACAC форумына қатысу нәтижелері»

Алина Максатова - Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің менеджері

 

Баяндама тілі: орыс

 

14.50 – 15.00

 

Сұрақ-жауап сессиясы

15.00 – 15.20

 

Презентация 

«Студенттерді VUCA әлемінде кәсіби ортаға дайындау»

Мадина Айтаканова - Назарбаев Университеті Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының директоры

Баяндама тілі: орыс

15.20 – 15.30

 

Сұрақ-жауап сессиясы

15.30 – 15.50

 

2 кәсіби бағдарлаушының сөз сөйлеуі: білім және тәжірибе алмасу

Мирамгуль Мнайдарова – Павлодар қ. № 8 лицейінің Сыртқы байланыстар бойынша координаторы

Баяндама тілі: қазақ
Айдар Айдралиев – «РФММ» ҰАҚ Алматы қ. филиалының Сыртқы байланыстар және кәсіби бағдарлау бойынша координаторы

Баяндама тілі: орыс

15.50 – 16.00

 

Сұрақ-жауап сессиясы

16.00 – 16.20

 

Топтық жұмыс

«Қорытындылар мен ұсыныстар»

Семинар қатысушылары топта 3 сұраққа жауап береді:

1.      Сіздің ойыңызша, Ассоциация кәсіби бағдарлау саласында қандай мәселелерді бірінші кезекте шешуі тиіс? (кем дегенде 3 атаңыз)

2.      VUCA жағдайында оқушыларды оқуға түсуге дайындау жұмыстарын жетілдіру бойынша әріптестеріңізге қандай ұсыныстар берер едіңіз? (кем дегенде 2 атаңыз) 

3.      Семинарға қатысу нәтижесінде өзіңізге қандай басты тұжырымдар жасадыңыз? (кем дегенде 2 атаңыз) 

 

16.20 – 16.55

 

Топтық жұмысты қорытындылау

 

 

16.55 – 17.00

 

Сауалнама толтыру

 

 

Жүктеу сілтемесі

 

Кәсіби бағдарлаушылар семинары 2019 ж.