Foundation бағдарламасы

Оқуға дайындау орталығына қош келдіңіздер

2010 жылдан бастап қазақстандық мектептер мен колледждердің түлектері Назарбаев Университетінің Дайындық Орталығындағы Университет алдындағы дайындық бағдарламасына оқуға түсуге, кейіннен бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсуге мүмкінді алады. Аталған бір жылдық оқу бағдарламасы Университеттің шетелдік серіктесі әкімішілік етеді. Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламалары бойынша қарқынды академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтарды жүзеге асырады.

Университет бағдарламаның мазмұныны жақсарту мен оқыту процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Назарбаев Университеті ағымдағы жылы негізгі мақсаты болып табылатын бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту кезінде алған білімдерін іс жүзінде ойдағыдай қолдануға мүмкіндік беретін білік пен дағдыларды дамыту болып табылатын Университет алдындағы дайындық бағдарламасына жаңа бағдарлама әзірледі.

Университеттің дайындық бағдарламасына түсу