Медицина мектебі

Онлайн тіркеу мерзімі: 

Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек.

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

1.Бакалавр дәрежесі (немесе баламасы) және Қабылдау комиссиясы айқындайтын жарамды саладағы магистр дәрежесі (бар болса немесе медицина саласында жоғары ғылыми дәрежесі (МД немесе баламасы). 

Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2. Жақсы академиялық көрсеткіштер

Ең төменгі CGPA 4,00-дің ішінен  3,0 немесе ғылым магистрі  дәрежесіне   сәйкес келетін балама;

3. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі.

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; 

2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

5. Оларға ғылыми эксперименттерді тиісті дәлдікпен және мұқияттылықпен жүргізуге мүмкіндік беретін зертханалық жұмыстарды орындаудың кез келген кәсіби және/немесе ерікті тәжірибесі болуының дәлелі; көрсетілген дәлелдер магистрлік зертханалық диплом жұмысы және/немесе ұлттық немесе халықаралық зерттеу зертханасындағы зертханалық дағдылардың талап етілетін деңгейі бар ерікті тағылымдама болуы мүмкін;

6. Биомедициналық ғылымдар саласындағы докторантура  бағдарламасы бойынша жобалау ұсынысы;

7. Медицина мектебі ОПҚ мүшесінің соңғы 12 (он екі) ай ішінде жазған, оның үміткерге ғылыми жетекшілік етуді жүзеге асыруға дайындығын растайтын және әлеуетті жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын ілеспе хаты;

8. Екі ұсыным-хат болуы қажет.

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

1. Толтырылған онлайн сауалнама;

2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

4. Бакалавр және магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары; 

 Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

5. Бағдарламаға құжаттарды тапсыру сәтінде күші бар IELTS немесе TOEFL ресми электронды сертификаты және оның сканерленген көшірмесі (қолдануға жарамды болса);Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін)

Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.

6. Ағылшын тілі оқыту тілі болғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL сертификаттарын ұсыну қажеттілігінен босатуға арналған сұрату болған кезде ағылшын тілінде оқытуға арналған бағдарлама бойынша  білім беру негізінде дәреже алған үміткерлер үшін ғана). Үміткер тестіден өтуді тіркеу кезінде алушы ретінде  Назарбаев Университетін  көрсетуі тиіс. Егер үміткер тестіден алдын ала өткен болса, онда ол тестілеу орталығына өтініш жасап Назарбаев Университетін  алушы ретінде  көрсетеді. Үміткерлер тест Әкімшісінен IELTS немесе TOEFL IBT қолданыстағы сертификатының балдарын беру туралы ресми электронды есепті немесе оның сканерленген көшірмесін ұсынуы мүмкін;

7. Жобалау ұсынысы (500 сөзден көп емес);

8. Медицина мектебі ОПҚ мүшесінің соңғы 12 (он екі) ай ішінде жазған, ілеспе хаты;

9. Зертханалық жұмыстарды орындаудың қажетті дағдыларын дамытуға көмектесетін кәсіби және/немесе ерікті тәжірибесі болуының дәлелі;

10. Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанда ұсынады);

11. 086у медициналық анықтамасы (резиденттер үшін) немесе денсаулығының жалпы жай-күйі көрсетілген осыған ұқсас медициналық анықтама (халықаралық студенттер үшін);

12. Сотталғандығы немесе сотталмағаны туралы анықтама;

13. Үміткердің/студенттің жеке деректерді өңдеуге арналған келісімі.

Жұмыс мүмкіндіктері:

Назарбаев Университетінде докторантура бағдарламасын аяқтаған студенттер, биомедицина ғылымдары саласында академиялық немесе өнеркәсіптік ортада ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуге оқытылады. Осы  саланың ғалымдары биомедициналық зерттеулер саласында өз білімдерін:

  • жаңа білім мен жетістіктерді жасай отырып, алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізудің әр түрлі ауруларының проблемаларын шешу; бойынша ғалымдардың пәнаралық тобындағы жұмыстар;
  • ашылулар мен өнертабыстарды іргелі деңгейден өнеркәсіптік жағдайларда қолдану деңгейіне түрлендіру;
  • ғылыми жобаларды (отандық және халықаралық) басқару;
  • отандық және халықаралық университеттерде сабақ беру;
  • мемлекеттік басқару органдарындағы жұмыстар, денсаулық пен сырқат аурулардың дамуына байланысты ғылыми мәселелер бойынша саясаткерлерге кеңес беруде қолдана алады.

Маңызды ақпарат:

Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. 

Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.

Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.

Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Сұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.

Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

  • GRE – 6496
  • TOEFL – 6762