Докторантура

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің  Медицина докторы бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру керек.

Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық технологиялар, механика, құрылыс және электроника саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады. Мектеп Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебімен тығыз қатынаста PhD (Ғылым және инженерия саласындағы философия докторы) бағдарламасын ұсынады.

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің бағдарламалары өте іріктемелі және соған сәйкес арыз берудің конкурстық ережелері бар. Ph.D бағдарламасына түсу үшін үміткердің ағылшын академиялық ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі және зерттеу саласына сәйкес магистр дәрежесі болуы керек.

2017 жылдан бастап, Мемлекеттік саясат мектебі Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы (4-жылдық бағдарлама) алғашқы докторлық бағдарламасын ашады.