Бакалавриат
Бакалавриат бағдарламасына түсу бойынша |
Мамандықтар тізімі мына сілтемеде «Бағдарламалар» бөлімінде берілген. Бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім беруді бастамас бұрын, Назарбаев Университеті Мектептері ұсынатын мамандықтар тізімімен танысуыңызды өтінеміз. Себебі, оқуға түсу талаптары таңдаған мамандығыңызға байланысты.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерге келесіні орындау қажет:
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы тек қана онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді. Қаражатты банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды;
- Сауалнама нысанын толтырып, белгіленген мерзімге дейін қажетті құжаттарды жүктеу. Құжаттар тізімі мына сілтемеде «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде орналасқан;
- Мамандықты және Назарбаев Университетінің қай Мектебін таңдайтындығыңызды алдын-ала айқындап алған жөн, сондай-ақ талапкер категориясын дұрыс таңдау қажет. Себебі, қандай емтихан тапсыратындығыңыз осыған байланысты болады;
- Қажетті емтихандарға тіркелу және оларды тапсыру (мысалы, қалаңыздағы тестілеу орталықтарында). Емтихандардың электрондық нәтижелерін жіберу бакалавриат бағдарламалары конкурсына қатысудың міндетті талабы болып табылады. Электрондық нәтижелерді жіберу үшін талапкерге тест әкімшісіне хабарласу қажет (IELTS – British Council/InterPress, TOEFL – ETS, SAT Reasoning/Subject – College Board) және электрондық нәтижелердің Назарбаев Университеті мекенжайына жіберілуіне тапсырыс беру керек.
Талапкерді екінші таңдауы бойынша қарастыру туралы шешімді Мектептің Қабылдау комиссиясы қабылдайды. Алайда, Назарбаев Университеті Мектебінің бірінші таңдауы басымдыққа ие.
Ауыстыра алады, алайда ол үшін студент ауысқысы келетін Мектеп Деканының ресми рұқсаты қажет.
Назарбаев Университеті Мектептеріне оқуға түсетін талапкерлерді сол Мектептің шетелдік оқытушыларынан тұратын Қабылдау комиссиясы қарастырады.
Бакалавриат бағдарламасына өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасы 5000 теңгені құрайды. Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы талапкердің Жеке кабинетінен интернет арқылы төленуі қажет. Қаражатты банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды.
Тіркелу жарнасын төлемес бұрын картаңыз бойынша интернет транзакциялар жүргізу мүкіндігін және онлайн операциялар жасаудағы шектеулерді тексеріңіз. Егер туындаған қиындық шешілмесе, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде туындаған қиындықтың толық сипаттамасын беру қажет және ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Бакалавриат бағдарламаларына түсудегі талапкерлер санаттары |
Талапкердің санаты Қабылдау комиссиясы қарастыратын оның оқып жатқан немесе бітірген оқу орнымен немесе жетістіктерімен анықталады.
Бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсуде Назарбаев Университеті келесі санаттарды қарастырады:
- Орта мектеп, UK Foundation бағдарламасы, колледж түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері мен оқушылары (NIS Grade 12 Certificate);
- IВ Diploma Program бағдарламасының түлектері мен оқушылары;
- Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері;
- Ауысатын студенттер (басқа жоо-ларда білім алып жатқан студенттер).
Әр санат бойынша қабылдау талаптары әртүрлі. Сондықтан талапкер өзіне сәйкес келетін санатты дұрыс таңдауы қажет.
Жоқ, талапкер тек бір санатты таңдай алады.
Жоқ. Талапкер санатын ауыстырғысы келсе, оны онлайн тіркелу аяқталғанға дейін істеуі қажет.
Жоқ, Қабылдау комиссиясы NIS Grade 12 Certificate сертификатының барлық пәндерінінің соңғы нәжителерін қарастырады, бірақ кез келген үш пән бойынша кем дегенде АВВ болуы міндетті талап болып табылады.
Қабылдау талаптары |
Назарбаев Университетіне оқуға түсерде ҰБТ нәтижелері және аттестаттың орташа баллы есепке алынбайды. Конкурстық іріктеуде талапкер тапсырған сауалнама нысаны мен эсседен басқа «Қабылдау талаптары» бөлімінде мына сілтемеде берілген тест/сертификат/сұхбаттасу нәтижелері қарастырылады.
Талапкер санаттары, қажетті емтихандар мен ең төменгі өту баллдары туралы толық ақпарат мына сілтемеде «Қабылдау талаптары» бөлімінде берілген. Барлық емтихандарды талапкерлер өз беттерінше және өз қаражаттары есебінен тапсырады.
Жоқ, деңгейге қойылатын талаптар жоқ. Талапкер өз қалауы бойынша кез келген деңгейді тапсыра алады, бірақ конкурсқа қатысу талаптарына сай әр пән бойынша ең төменгі өту баллын жинау қажет.
Ия, эссе міндетті болып табылады. Бұл ретте оған ең төменгі өту баллы белгіленбеген.
Superscoring – ең жоғарғы жалпы балл алу мақсатында талапкердің екі немесе одан көп сертификаттарының барлық емтихан бөлімдері бойынша ең жоғарғы баллдарын пайдалану.
Superscoring SAT Reasoning/SAT Subject нәтижелеріне қатысты қолданылады, бірақ IELTS/TOEFL, ACT нәтижелеріне қолданылмайды.
Бірінші кезекте SAT/ACT/NIS Certificate/IB Diploma нәтижелері қарастырылады.
Ондай жағдайда талапкерлердің басқа академиялық және академиялық емес жетістіктері қарастырылады.
Эссе талапкер өтінім нысанының міндетті бөлігі болып табылады және конкурстық іріктеуде өте маңызды рөл атқарады. Эссе көлемі 500 сөзден аспау керек. Эссе туралы толық ақпарат «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде берілген.
Эссені Қабылдау комиссиясы оқиды. Эсседе Назарбаев Университетін таңдау негіздемесі және студенттің уәжі көрсетілуі тиіс. Эссе туралы толық ақпарат «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде берілген.
Талапкердің екі бағдарламаға да қатар құжат тапсыру құқығы бар. Егер талапкер екі бағдарламаға да оқуға қабылдануға ұсыныс алса, екі бағдарламаның біреуін таңдауы тиіс. Алайда, екі бағдарлама бойынша конкурс нәтижелерінің шығу уақыты әр түрлі екенін ескеру қажет.
2020 жылы бакалавриат бағдарламаларына 617 мемлекеттік грант бөлінді. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын мамыр айында шығатын Қаулысымен анықталады. Гранттар талапкерлердің рейтингісіне сәйкес бөлінеді.
Оқудан шыққан жағдайда, студент оқу шығынын өтемейді.
НЗМ үшін |
Гранттар санат бойынша бөлінбейді. Қабылдау комиссиясы барлық талапкерлерді олардың таңдаған санатына қарамастан бірдей қарастырады. Басымдық санаттың ешқайсысына берілмейді. Мысалы, Мектептің бағалау әдістемесіне сәйкес NIS Grade 12 Certificate бойынша жоғары нәтиже SAT бойынша жоғары нәтиже сияқты бағаланады.
Мектептің Қабылдау комиссиясы барлық пәндерді қарастырады және бағалайды. Пәндердің басымдығы мен таңдаған мамандыққа сәйкестігі талапкер таңдаған Мектептің Қабылдау комиссиясына байланысты. NIS Grade 12 Certificate санаты бойынша оқуға түскен студенттердің орташа баллдары бойынша статистикалық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.
Бұндай жағдайда, SAT Reasoning/Subject нәтижелерін Қабылдау комиссиясы тек қосымша академиялық жетістік ретінде қарастырады. Бірінші кезекте, талапкердің NIS Grade 12 Certificate нәтижесі қарастырылатын болады.
Ия, сай келеді, өйткені конкурсқа қатысу үшін ең төменгі талаптарға сай талапкерде кез-келген үш пәннен кем дегенде A B B бағалары болуы тиіс.