2018, Қазан 2

«Кафе үй-жайын жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлама

«University Service Management» жеке мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 www.nu.edu.kz, «Кофе үй-жайын жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Әлеуетті жалға алушы қойылатын талаптардың толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелік конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конверттерге салынған өтінімдерді әлеуетті жалға алушылар «University Service Management» жеке мекемесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок, №311 кабинет, 2018 жылғы «12» қазанының 10 сағат 00 минутқа дейін ұсынады (жібереді).

Өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2018 жылғы «12» қазан 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша ашады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок, № 302 кабинет.

Конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушы «Назарбаев Университеті» мына интернет-ресурсында тегін ұсынады: www.nu.edu.kz.

Әлеуетті жалға алушы немесе оның уәкілетті өкілі өтінімді қолма-қол береді.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7172) 69-49-30.