2020, Наурыз 3

«Химиялық тазалау үй-жайын жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлама

«University Service Management» жеке мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 www.nu.edu.kz, «Химиялық тазалау үй-жайын жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Әлеуетті жалға алушы қойылатын талаптардың толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелік конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конверттерге салынған өтінімдерді әлеуетті жалға алушылар «University Service Management» жеке мекемесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок, №330 кабинет, 2020 жылғы «26» наурыз 10 сағат 00 минутқа дейін ұсынады (жібереді).

Өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2020 жылғы «26» наурыз 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша ашады: Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок.

Конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушы «Назарбаев Университеті» мына интернет-ресурсында тегін ұсынады: www.nu.edu.kz (жүктеу)

Әлеуетті жалға алушы немесе оның уәкілетті өкілі өтінімді қолма-қол береді.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады:

8 (7172) 70-89-55, 8 (7172) 69-49-30.