«Балаларды дамыту орталығы үшін үй-жайларды жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлама
«University Service Management» жеке мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 www.nu.edu.kz, «Балаларды дамыту үшін үй-жайларды жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Әлеуетті жалға алушы қойылатын талаптардың толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелік конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конверттерге салынған өтінімдерді әлеуетті жалға алушылар «University Service Management» жеке мекемесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок, №330 кабинет, 2019 жылғы «10» желтоқсан 10 сағат 00 минутқа дейін ұсынады (жібереді).
Өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2019 жылғы «10» желтоқасан 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша ашады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок.
Конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушы «Назарбаев Университеті» мына интернет-ресурсында тегін ұсынады: www.nu.edu.kz.
Әлеуетті жалға алушы немесе оның уәкілетті өкілі өтінімді қолма-қол береді.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7172) 70-89-55.
«Балаларды дамыту орталығы үшін үй-жайларды жалға беру» конкурсын қорытындылайтын хаттама