2019, Сәуір 25

«Атлетикалық орталықта кафетерийге үй-жайды жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«University Service Management» жеке мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17 www.nu.edu.kz, «Атлетикалық орталықта кафетерий үй-жайын жалға беру» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Әлеуетті жалға алушыға қойылатын талаптардың толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

1. Конверттерге салынған өтінімдерді әлеуетті жалға алушылар «University Service Management» жеке мекемесіне мына мекенжай бойынша ұсынады (жібереді): 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 64/4, 35 блок, № 305 кабинет, 2019 жылғы «4» мамыр, 10 сағат 00 минутқа дейін.

2. Өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2019 жылғы «4» мамыр 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша ашады: Нұр-Султан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/17, 72 блок.

Конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушы «Назарбаев Университеті» мына интернет-ресурсында тегін ұсынады: www.nu.edu.kz.

Әлеуетті жалға алушы немесе оның уәкілетті өкілі өтінімді қолма-қол береді.

Құжаттарды осы сілтеме арқылы жүктей аласыз.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады:

8 (7172) 70-62-54.

“Атлетикалық орталықта кафетерийге үй-жайды жалға беру” конкурсын қорытындылайтын хаттама