2020, Ақпан 7

2020 жылға жылжымалы және жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру үшін компанияны таңдау жөніндегі хабарландыру

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Нұр-Султан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті келесідей тәуекелдер түрлерінен сақтандыру үшін компанияны таңдау жөнінде конкурс жариялайды:

  1. өрт;
  2. жай түсу;
  3. отынның жарылуы, трансформатордың жарылуы;
  4. мүлікке пилоттық ұшу нысандарының немесе олардың сынықтарының, немесе жүктің құлауы;
  5. табиғи апат;
  6. су құбырлары, кәріз, жылыту жүйелерінің және өрт сөндіру жүйелерінің авариялары нәтижесінде су басу, судың көрші үй-жайлардан кіруі;
  7. үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері: бұзақылық, қарақшылық, тағылықпен жасалған ұрлық;
  8. жабдыққа электр тогының әсері.

Конкурсқа келесідей талаптарға сәйкес келетін сақтандыру ұйымдары шақырылады:

  • қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясының болуы (лицензияның көшірмесі);
  • қаржылық орнықтылық рейтингі А.М.Best рейтинг агенттігінің шкаласы бойынша «B»-дан төмен болмауы немесе қаржылық орнықтылық рейтингі Standart&Poor`s рейтинг агенттігінің шкаласы бойынша «В+»-тен немесе онымен салыстырылатын Fitch және Moody`s рейтинг  агенттіктерінен төмен болмауы;  
  • сақтандыру қызметін жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алмай және тоқтатпай сақтандыру нарығындағы жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес;
  • уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пруденциалдық нормативтердің талаптарын кезекті соңғы он екі ай бойы сақтандыру ұйымынан ұсынысты қарау күніне дейін үздіксіз сақтауы (уәкілетті мемлекеттік органның деректері);
  • сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес өз капиталының барынша жоғары мөлшерімен «жалпы сақтандыру» класы бойынша бірінші тұрған жиырма сақтандыру ұйымына кіруі.

Конкурсқа қатысуға арналған коммерциялық ұсыныстарды әлеуетті компаниялар мына мекенжайға ұсынады (жолдайды):, Нұр-Султан қ., 010000, «Назарбаев Университеті»Қабанбай батыр даңғылы, 53, блок С2, кабинет №5051.

Коммерциялық ұсыныста максималды сақтандыру тарифын, активтердің әрбір тобы бойынша франшизаның көлемін және шарттарын  көрсету қажет.  

Өтініштерді берудің соңғы мерзімі 2020 жылғы «19» ақпан  сағат 12.00-ге дейін.

 

Қосымша:

  1. Мүліктің тізімі (мүліктің құны болжалды және нақтыланатын болады)(жүктеу).

 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7(7172)70-60-29 Активтерді басқару департаменті, байланыс жасайтын адам – Есенов С.