2019, Сәуір 10

2019 жылға жылжымалы және жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру үшін компанияны таңдау жөніндегі хабарландыру

 «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Нұр-Султан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті келесідей тәуекелдер түрлерінен сақтандыру үшін компанияны таңдау жөнінде конкурс жариялайды:

1) өрт;

2) жай түсу;

3) отынның жарылуы, трансформатордың жарылуы;

4) мүлікке пилоттық ұшу нысандарының немесе олардың сынықтарының, немесе жүктің құлауы;

5) табиғи апат;

6) су құбырлары, кәріз, жылыту жүйелерінің және өрт сөндіру жүйелерінің авариялары нәтижесінде су басу, судың көрші үй-жайлардан кіруі;

7) үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері: бұзақылық, қарақшылық, тағылықпен жасалған ұрлық;

8) жабдыққа электр тогының әсері.

Конкурсқа келесідей талаптарға сәйкес келетін сақтандыру ұйымдары шақырылады:

  • қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясының болуы (лицензияның көшірмесі);
  • өз капиталының мөлшері сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасынан төмен емес (аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық жағдайы туралы есептің көшірмесі);
  • сақтандыру қызметін жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алмай және тоқтатпай сақтандыру нарығындағы жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес;
  • уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пруденциалдық нормативтердің талаптарын кезекті соңғы он екі ай бойы сақтандыру ұйымынан ұсынысты қарау күніне дейін үздіксіз сақтауы (уәкілетті мемлекеттік органның деректері);
  • сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес өз капиталының барынша жоғары мөлшерімен «жалпы сақтандыру» класы бойынша бірінші тұрған жиырма сақтандыру ұйымына кіруі.

Конкурсқа қатысуға арналған коммерциялық ұсыныстарды әлеуетті компаниялар мына мекенжайға ұсынады (жолдайды): «Назарбаев Университеті», Нұр-Султан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, блок С2, кабинет №5051.

Коммерциялық ұсыныста максималды сақтандыру тарифын, активтердің әрбір тобы бойынша франшизаның көлемін және шарттарын  көрсету қажет.  

Өтініштерді берудің соңғы мерзімі 2019 жылғы «22» сәуір   сағат 12.00-ге дейін.

 

Қосымша:

  1. Мүліктің тізімі (мүліктің құны болжалды және нақтыланатын болады).

 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7(7172)70-60-29 Активтерді басқару департаменті, байланыс жасайтын адам – Есенов С.

 

ҚОСЫМША

Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру үшін компанияны таңдау жөніндегі хабарландыру

 

 

АКТИВТЕРДІҢ ТОБЫ

1

Ғимараттар және құрылыстар (жатақхана ғимараты, әкімшілік және білім беру ғимараттар, басқа)

  

2

Нұр-Султан қ. пәтерлер және тұрақтар

  

3

Университеттің кітапхана қоры

  

4

IT, медиа, кітапхана және тағы басқалар жабдықтары

  

5

Зертхана жабдықтары

Сақтандыруға жататын активтердің топтары