2016 жылғы бітіру рәсімі

2016 жылғы 11 маусымда Назарбаев Университетінде Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен түлектердің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсімге студенттер, олардың ата-аналары, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы, ірі компаниялардың басшылары мен басқа да қонақтар қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті отандық білім берудің флагманы болып табылады. Биыл Университетте 622 студент, оның ішінде 444 түлек бакалавриат бағдарламасы бойынша және 178 түлек магистратура бағдарламасы бойынша оқу бітірді.

Студенттердің ең көп санын Ғылым және технологиялар мектебінің; Инженерия мектебінің; Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің; Жоғары білім беру мектебінің; Жоғары бизнес мектебінің, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің студенттері құрайды. Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде электрлік және электрондық инженерия, биологиялық ғылымдар, саясаттану және халықаралық қатынастар, математика және т.б. ерекше атап өтілді.

Университет құрылған кезден бастап жеті Мектептегі студенттердің жалпы саны 3300 адамға дейін өсті. Жыл сайын 700-ден астам адам білім беру гаранттарына ие болады. Оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары нәтиже алған талапкерлер студенттің бүкіл оқу кезеңіндегі шығыстарын өтейтін мемлекеттік білім беру грантының шеңберінде Университетте білім алады. Магистранттар мен докторанттарды оқыту да мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоғары бизнес мектебінің бағдарламалары бойынша оқыту ерекшелік болып табылады. Назарбаев Университетінің Мектептері әлемнің жетекші университеттерімен әріптестікте әзірленген бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытады. Білім беру, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімді академиялық ортаны құру және еліміздің адами капиталын дамыту үшін Университетке үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылды.

Биылғы түлектеріміздің жартысынан көбі Университетті бітірген соң еңбек жолын бастауды жоспарлап отыр, ал қалғандары әлемдік рейтингте алдыңғы қатарда тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде өз оқуларын жалғастыратын болады.