14 қазан 2022
Осы мақаламен бөлісіңіз2022 жылы 6-7 қазанында Назарбаев Университетінің қабырғасында 14 облыс, 22 қаланың 70 жоғары оқу орындарынан келген 200-ден астам академиялық құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен Регистратор офистерінің VII жыл сайынғы кездесуі өтті.
Регистратор офистерінің кездесуі барысында академиялық саладағы өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыған 15 ақпараттық сессия өткізілді, оның ішінде докторанттарды академиялық қолдау, талапкерлерді қабылдау және құжат айналымын цифрландыру, академиялық эдвайзинг қағидаттары, сабақтарға онлайн тіркеу мәселелері, сапаны қамтамасыз ету жүйесіндегі Регистратор офисінің рөлі және онымен қарым қатынас жасайтын департаменттердің процестерін басқаруға қатысты мәселелер қарастырылды. Назарбаев Университетінің өкілдерінен бөлек сессияларда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Пномпень американдық университеті, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, сондай-ақ Платонус компаниясының өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі.
Регистратор офистерінің 2022 жылғы VII жыл сайынғы кездесуі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) Цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры Руслан Қайсарбаев және Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ермановтың қатысуымен панельдік сессия өтті. Панельдік сессия барысында министрліктің өкілдері Coursera ғаламдық онлайн-оқыту платформасымен меморандумға қол қойылғандығы туралы жаңалықпен бөлісті. Осы меморандум шеңберінде Coursera платформасында қазақстандық оқу орындары өз курстарын жариялауға мүмкіндік алады. Айта кетерлік жәйт, Ұлттық білім беру деректер қорына қатысты мәселелерді талқылау панельдік сессияның шешуші сәті болды, өйткені қатысушылар деректерді қолмен енгізу барысында туындаған қиындықтар мен жүйеде тұрақты түрде қайталанатын техникалық ахаулар туралы ашық бөлісе алды. Нәтижесінде мемлекеттік құрылымдардың жоғары оқу орындарымен жұмысын оңтайландыру бойынша жұмыс комитетін құру туралы ұсыныс айтылды. Бұл ұсынысты ҚР ЦДИАӨМ және ҒЖБМ өкілдері қолдады.
Сонымен қатар Назарбаев Университетінің атқарушы Вице-президенті Арғын Қыпшақов Мықтыбаевичтің академиялық үрдістерді оңтайландыру мәселелерін талқылауға белсенді қатысқанын ерекше атап өтіп, жұмыс тобын құруға көмектескені үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Қорытындылай келе, 2022 жылғы Регистратор офистерінің VII жыл сайынғы кездесуі өзекті мәселелерді талқылауға және жоғары оқу орындарының қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға арналған алаңның болуы маңызды әрі қажет екендігін тағы бір мәрте көрсете алды. Жабылу салтанатында Регистратор және студенттердің үлгерімі жөніндегі бас директоры Ребекка Картер Регистратор офисі үдерістер мен рәсімдерді студенттер үшін де, жалпы университет үшін де қол жетімді етуде жұмыс атқаратынын атап өтті.
Толығырақ ақпарат пен іс-шара туралы материалдарды осы сілтеме арқылы Регистратор офисінің ресми сайтында таба аласыз.