барлық жаңалықтар
31 қазан 2024 #NUgoesGLOBAL

NU-да Халықаралық энергетика агенттігінің семинары өтті

NU-да Халықаралық энергетика агенттігінің семинары өтті

31 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Ғалымдар биомасса мен сапасы төмен қалдықтарды қайта өңдеуге негізделген жаңа технологияларды қолдануды ұсынып отыр.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ассистент профессоры Ербол Сарбасов жетекшілік ететін NU «Таза энергия» зерттеу тобы осы мәселені сегіз жыл бойы зерттеп келеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) 89-шы техникалық семинарында олар жобаларын таныстырды.  2024 жылдың 30–31 қазанында NU-да өткен семинар Қазақстанның энергетикалық болашағына арналған негізгі тақырыптардың бірі – «Көміртекті аулау және сақтау (CCS) процестері үшін қайнау қабатындағы конверсиялар (FBC) технологиясын қолдану» тақырыбына арналды. 

«Әртүрлі отын түрлерін төмен температурада жағу технологиясы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Қазақстанда жұмыс істейтін станцияларда қазір тек көмір пайдаланылады, енді ол жоғары температурада жағылады. Жаңа технология төмен температурада жұмыс істейді және әртүрлі отынды, соның ішінде биомасса немесе кейбір жанғыш қалдықтарды бөлек немесе араластырып пайдалана алады. Бұл технология Скандинавия елдерінде және кейбір Еуропа елдерінде өте дамыған, мысалы, Польшада барлық станциялар оған көшкен. Қазір біз бұл саланы қалпына келтіріп жатырмыз, зертхана құрдық, ұлттық компаниялардан тапсырыстар алдық», - дейді жоба жетекшісі Ербол Сарбасов.

NU «Таза энергия» тобы жаңа энергетиқалық технологиялары саласындағы бірнеше маңызды ғылыми жобаларды сәтті аяқтады. Соңғы жылдары бұл топ қазақстандық көмір электр станцияларына көміртекті азайту жөніндегі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесетін көміртекті аулау және сақтау  технологияларын әзірлеу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастықты жалғастырды. 

Семинарға «Самұрық-Энерго» АҚ, ҚР Ғалым және жоғары білім министрлігі, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, сонымен қатар Швеция, Италия, Ресей, Сауд Арабиясы, Канада Эстония, Жапония және басқа елдердің ғалымдары қатысты. Олар қайнау қабатындағы конверсиялар технологиясының отынның жану тиімділігін арттыруға, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының  шығарындыларын азайтуға және балама отынды, соның ішінде биомасса мен төмен сұрыпты қалдықтарды пайдалануға қалайша жол ашатынын талқылады. 

Екі күндік шара аясында ұзын-ырғасы 15-тен астам баяндамалар тыңдалып, үздік баяндамашыларға арнайы мақтау қағаздары табыс етілді. Ұйымдастырушылардын Ұйымдастырушылар NU-да Халықаралық энергетикалық агенттіктің семинарын өткізу Орталық Азиядағы тұрақты даму және таза энергия саласындағы алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ілгерілетудегі университеттің рөлін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар