барлық жаңалықтар
9 қараша 2023 #NUgoesGLOBAL

NU мен Сабанчи Университеті 2024 оқу жылында студенттік алмасуды жоспарлап отыр

NU мен Сабанчи Университеті 2024 оқу жылында студенттік алмасуды жоспарлап отыр

9 қараша 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті (NU) Түркияның Стамбул қаласында орналасқан беделді оқу орны Сабанчи университетімен өзара түсіністік туралы Меморандумға және студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Назарбаев Университеті мен Сабанчи Университеті студенттер мен қызметкерлермен алмасу, бірлескен зерттеу қызметі, сондай-ақ жарияланымдармен, есептермен және басқа да оқу материалдарымен алмасу саласында ынтымақтасуға келісті. Қалыптасқан ынтымақтастық студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық тәжірибесін байытып қана қоймай, Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңірек қарым-қатынасқа үлес қосады деп күтілуде.

NU мен Сабанчи университеті арасындағы серіктестік келіссөздері 2023 жылдың наурыз айында Жаһандық қатынастар кеңсесінің қызметкерлері Стамбулдағы жыл сайынғы білім беру саммитіне қатысқан кезде басталды. 

Сабанчи университеті Стамбулда орналасқан, 1996 жылы құрылған жеке университеті. Оның үш бакалавриат факультеті және үш жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектептерде 5400-ге жуық студенттері оқиды. NU сияқты, Сабанчи университетінде сабақ беру ағылшын тілінде жүргізіледі және американдық университеттердің моделін қайталайды. Бұл оны халықаралық студенттер үшін тартымды етеді. Қазіргі уақытта университетте 500-ден астам шетелдік студенттер оқиды. 
Университет сонымен қатар 53 елдегі 239 университетпен ынтымақтасады.

Ұқсас жаңалықтар