1 қараша 2024
Осы мақаламен бөлісіңізKazakhstan Global Investment Roundtable-2024 аясында NU президенті доктор Вакар Ахмад пен AstraZeneca Kazakhstan LLP бас директоры Мария Шипулева меморандумға қол қойды.
KGIR-2024 форумы 40 елден келген 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде мемлекеттік органдар мен трансұлттық корпорациялар басшыларын, ірі инвесторларды, халықаралық ұйымдарды, бизнес-қауымдастықтарды және сарапшыларды жинады.
Меморандум университет пен медицина және фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерге көп көңіл бөлетін британиялық-швециялық фармацевтикалық компаниясы арасында оқу, ғылыми-инновациялық зерттеу қызметін дамытуға, кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
"AstraZeneca-мен меморандумға қол қою – Қазақстандағы білім беру және ғылыми ортаны жақсартуға біздің ұмтылысымыздағы маңызды қадам. Жетекші Медицина мектебіміз бен университеттік медициналық орталықтарымыздың, сондай-ақ адам биологиясы саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеулердің арқасында біз қазірдің өзінде Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы жетекші оқу және зерттеу университеті болып табыламыз. NU Медицина мектебі медицина саласындағы алты жылдық бакалавриат бағдарламасын іске қосу арқылы ғылыми серіктестіктерін және оқытушылық қызметін кеңейтуде. Бұл ынтымақтастық медицина саласындағы зерттеулер мен инновациялардың маңызды бағыттарына үлес қосып, сайып келгенде, жалпы қоғамға пайда әкелетініне сенімдіміз," деді NU Президенті профессор Вакар Ахмад.
Тараптар денсаулық сақтау, ғылым, инновация және медицинаның негізгі салаларында ғылыми зерттеулер бойынша белсенді түрде өзара іс-қимыл жасасуға, білім беру саласында іс-шаралар өткізуге, студенттердің ғылыми-зерттеу, жобалық және консультациялық жұмыстары бойынша бірлескен конкурстар өткізуге және үздік жұмыстарға қолдау көрсетуге; бірлескен жобаларды іске асыруға сарапшылар тартуға, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және студенттер үшін кәсіби тағылымдама өткізуге уағдаласты.
Меморандум күші 2 жылға созылмақ.
Қазақстандағы AstraZeneca басшысы Мария Шипулева:
«Инновациялық фармацевтиканың дамуы ғылыми-зерттеу қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан біз әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарымен (ЖОО), соның ішінде Кембридж және Оксфорд университеттерімен, сондай-ақ біз жұмыс істейтін елдердегі ең ірі ЖОО-мен ынтымақтастықты дамытудамыз. AstraZeneca мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум дарынды студенттерге кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылым мен инновацияға бағдарланған бизнесте тәжірибе жинауға көмектесу үшін бірлескен жоспарларымызды қамтиды. Бұл серіктестік студенттерге өз әлеуетін барынша іске асыруға және өз орнын табуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы алғанда Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметінің ұзақ мерзімде одан әрі дамуына ықпал етеді деп сенеміз».