
21 желтоқсан 2023
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті (NU) Лотарингия университетімен (UL) ынтымақтастық орнатып, өзара түсіністік туралы Меморандумға және студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған келісім аясында екі университет те инженерия және тау-кен саласында студенттермен алмасу және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынуға келісті.
NU мен UL арасындағы перспективалы ынтымақтастықтың алғашқы қадамы 2023 жылдың шілдесінде екі университет өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған кезде жасалды. Жақында қол қойылған Келісім аясында екі университет бакалавриат пен магистратураның үш студентіне академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін ұсынуға келісті. Бұл біздің студенттер үшін шетелдік академиялық орта мен жаһандық перспективалармен танысуға, академиялық тәжірибені байытуға және білімді тереңдетуге баға жетпес мүмкіндік береді.
Лотарингия университеті – Францияның солтүстік-шығысындағы Лотарингия аймағындағы төрт университеттің бірігуінен кейін 2012 жылы құрылған бай тарихы бар мемлекеттік оқу орны. Университет Франциядағы ең ірі және беделді университеттердің бірі болып табылады. Университетте 60 000 студент, 6900 адамнан тұратын штат, 43 оқытушылық кафедра және 60 ғылыми орталық бар. Кампустар 52 жерде орналасқан, олардың әрқайсысы білім берудің белгілі бір салаларына бағытталған, студенттер мен оқытушылар үшін әртүрлі ынталандырушы орта жасалған. Оқу орны өзінің түлектерімен мақтанады, олардың арасында әлемге әйгілі ғалымдар, философтар мен саясаткерлер бар.