
17 мамыр 2023
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университет әкімшілігі Шигео Катсу Назарбаев Университетінің алғашқы және қазіргі президенті лауазымында қызмет атқаратынын хабарлайды.
Назарбаев Университетінің қауымдастығы Nege.kz сынды кейбір БАҚ, сондай-ақ Nege.kz, Krivosheev.Live телеграм-арналары жариялаған жалған ақпараттың таралуына наразылығын білдіреді. Университет әкімшілігі президент Шигео Катсудың отставкаға кетуіне мәжбүрлеу және қоғам алдында университеттің қызметі мен жетістіктерін қаралау мақсатында жалған ақпарат тарату науқанын байқады.
Назарбаев Университет әкімшілігі Шигео Катсу Назарбаев Университетінің алғашқы және қазіргі президенті лауазымында қызмет атқаратынын хабарлайды. Катсу мырза - университеттің тұрақты дамуы мен тиімді басқаруында шешуші рөл атқаратын жетекші. Президент Катсу өзінің ресми міндеттерін күнделікті орындауды жалғастыруда, қазіргі танда Назарбаев Университетінің 9-шы студенттер когортасының оқу бітіруіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Президент Катсудың жұмыстан шығуы туралы ақпарат негізсіз, шындыққа сәйкес келмейді және университеттің қызметі мен оқу процесін тұрақсыздандыруға бағытталған.
Назарбаев Университеті Қазақстанда жалған ақпарат тарату және жала жабу заң бойынша жазаланатынын, жала жабу науқанына жауаптылар заң жүзінде жауап беретінін ескертеді. Қазіргі уақытта университет әкімшілігі саяси астарлы жалған ақпарат тарату науқанының толық мәліметтерін ашуға құқығы жоқ. Университет басшылығы алдағы уақытта БАҚ өкілдері пен қоғамды жұмыс барысы туралы хабардар етіп отырады.
Университет әкімшілігі барлық БАҚ өкілдерін Назарбаев Университетіне қатысты кез келген ақпаратты жарияламас бұрын тексеруге шақырады. Қосымша ақпарат алу үшін университеттің баспасөз қызметіне pressa@nu.edu.kz e-mail адресі арқылы хабарласуға болады.
15 қыркүйек 2023
#NUgoesGLOBAL19 қыркүйек 2023
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL19 қыркүйек 2023
#NUgoesGLOBAL15 қыркүйек 2023
#NUgoesGLOBAL19 қыркүйек 2023
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL19 қыркүйек 2023
#NUgoesGLOBAL