барлық жаңалықтар
20 қаңтар 2025

Жоғары білім беру саласындағы көшбасшылардың гендерлік теңдікті ілгерілетудегі рөлі

Жоғары білім беру саласындағы көшбасшылардың гендерлік теңдікті ілгерілетудегі рөлі

20 қаңтар 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Халықаралық гендерлік саясаттың бейімделуіне қарамастан, университеттер патриархалдық гендерлік нормаларды ұстануды жалғастыруда.

Бұл туралы "Жоғары білім беру саласындағы көшбасшылық және гендерлік теңдікті ілгерілету: Қазақстан университеттерінің тәжірибесі" атты мақалада айтылғын. Зерттеу Gender, Work and Organization ғылыми журналында жарияланды, ол гендерлік зерттеулер саласындағы журналдардың ең үздік 1% қатарына кіреді.

Зерттеуді NU-дің Жоғары білім беру мектебінің ассистент-профессоры Зумрад Қатаева, NU профессоры Наурин Дурани, зерттеушілер Арай Рахымжанова және Светлана Шакирова жүзеге асырды. Бұл жұмыс NU-дың Бірлескен зерттеу бағдарламасы (The Collaborative Research Program NU) аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен серіктестікте жүргізілді.

Жоба авторлары қазақстандық 10 жоғары оқу орнының 13 басшысына сауалнама жүргізді. Олардың жауаптары гендер мен білім арасындағы қарым-қатынасты қалай қабылдайтыны және гендерлік теңдікті ілгерілетудегі әлеуетті рөлі туралы түсінік берді.

Батлер теориясын негізге ала отырып, зерттеу авторлары жоғары лауазымды басшылар құрылымдық немесе институционалдық гендерлік мәселелерді жиі елемейтінін анықтады. Олар қазіргі гендерлік теңсіздіктерді өз мүмкіндіктерін шектейтін мәдени нормалармен байланыстырады. 

Көшбасшылар гендерлік теңдікті ілгерілетудегі жоғары білімнің рөлін мойындағанымен, гендерлік мәселелерді өзгерту мүмкін емес деп қабылдайды. Бұл көзқарас посткеңестік елдердегі университеттерде гендерлік тәсілдерді тиімді енгізуге кедергілер тудырады. Сонымен қатар, қажетті гендерлік білімнің болмауына байланысты менеджерлер жиі қолданылып жүрген кемсітушілік нормаларға қарсы шыға алмайды. Бұл академиялық ортада теңдікті насихаттауды қиындатады, деп түйіндейді мақала авторлары.

 

Ұқсас жаңалықтар