9 қазан 2023
Оқиғалар
Әліхан Смайылов NU Жоғары Қамқоршылық кеңесінің төрағасы тағайындалды
9 қазан 2023
Осы мақаламен бөлісіңіз
ҚР Премьер-министрі Әліхан Смайылов Назарбаев Университетінің (NU) Жоғары қамқоршылық кеңесін басқарды. Бұл Кеңес Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорының жұмысына да жетекшілік етеді.
Жоғары қамқоршылық кеңестің құрамы 28 қыркүйекте ҚР Президенті мен Премьер-Министрінің өкімдері негізінде өзгертілді. Ә. Смайыловтан басқа қазір оның өкілдері:
- Ерұлан Жамаубаев – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі;
- Тамара Дүйсенова – ҚР Премьер-Министрінің Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары;
- Әсет Ирғалиев – ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
- Саясат Нұрбек – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі;
- Илесанми Адесида – Назарбаев Университеті президентінің міндетін атқарушы.
Жоғары Қамқоршылық кеңестің 2 қазандағы шешімі негізінде NU Қамқоршылық кеңесінің құрамына енді:
- Әсет Ирғалиев – ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қамқоршылық кеңестің Төрағасы;
- Саясат Нұрбек – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі;
- Бағдат Мусин – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Илесанми Адесида –НУ президентінің міндетін атқарушы;
- Шигео Катсу – NU негізін қалаушы Президент, Қамқоршылық кеңестің Төрағаның орынбасары;
- Алан Руби –Пенсильвания университетінің (University of Pennsylvania) аға ғылыми қызметкері;
- Фредерик Старр – Вашингтондағы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы;
- Ставрос Яннука – Дүниежүзілік білім беру жөніндегі инновациялық саммиттің (WISE) Бас атқарушы директоры;
- Филип Йео – «Economic Development Innovations Singapore» және «Accuron Technologies» компанияларының төрағасы.
Айта кетейік, Назарбаев Университетінің соңғы жетістіктерінің бірі Times Higher Education 2024 университеттерінің әлемдік рейтингіне ену болып табылады. Онда ол 501-600 диапазонында орналасқан, яғни NU әлемдегі зерттеу университеттерінің топ-30%-іне кіреді.