барлық жаңалықтар
30 қазан 2024 #NUnews

Global Pharm және MedTech әлемдік қатысушылары Қазақстандағы ірі форумдарда бас қосты

Global Pharm және MedTech әлемдік қатысушылары Қазақстандағы ірі форумдарда бас қосты

30 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

2024 жылғы 22-23 қазан күндері NU Медицина мектебінде IV Халықаралық фармацевтикалық форум «Global Pharm» және IV Халықаралық медициналық техника форумы «MedTech» өтті.

Бұл шаралар Қазақстандағы медицина мен фармацевтика саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі болып, ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бизнес пен мемлекеттік құрылымдар үшін бірегей диалог алаңын ұсынды.

Форумдардың негізгі мақсаттары тәжірибе алмасу, серіктестік байланыстарды нығайту, халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылау, сондай-ақ медицина мен фармацевтикаға заманауи технологияларды енгізу болды. Ғылыми және кадрлық әлеуетті дамытуға, отандық фармацевтикалық өнімдердің экспортын ұлғайтуға және медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен жабдықтауға ерекше назар аударылды.

Форумдар офлайн түрде 300-ден астам және онлайн 2000-нан астам делегаттарды жинап, Қазақстандағы фармацевтикалық сектор мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен қызығушылықты көрсетті. Форумдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» ЖШС, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Nazarbayev University, Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника сараптама ұлттық орталығы, сондай-ақ халықаралық фармацевтикалық компаниялар BigPharma, отандық фармацевтикалық кәсіпорындар және ТМД елдерінің өкілдері қатысты.

Форумдардағы негізгі оқиғалардың бірі Johnson&Johnson, Biocad, Takeda, Novartis, Nobel, Santo, Stada сияқты әлемдік саланың көшбасшыларының қатысуымен өткен онлайн дөңгелек үстел болды. Іс-шараны «Silk Way Development Fund» қоғамдық қоры (E-Forum.net жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «СК-Фармация» ЖШС қолдауымен және NU Medicine-мен серіктестікте ұйымдастырды.

Ұқсас жаңалықтар