барлық жаңалықтар
10 мамыр 2024 ОқиғаларҒылым#NUgoesGLOBAL

NU вице-президенті, доктор Массимо Пиньятелли жетістіктері үшін AAHCI сыйлығымен марапатталды

NU вице-президенті, доктор Массимо Пиньятелли жетістіктері үшін  AAHCI сыйлығымен марапатталды

10 мамыр 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU вице-президенті, Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли академиялық медицинаны дамытуға қосқан жаһандық үлесі үшін Халықаралық академиялық денсаулық сақтау орталықтары қауымдастығының (AAHCI) сыйлығын алды.

Марапаттау рәсімі 2024 жылғы 2 мамырда Вашингтонда AAHCI жаһандық инновациялық форумы кезінде өтті.

AAHCI сыйлығы пациенттерге күтім жасау, биомедициналық зерттеулер және медициналық кадрларды даярлау саласындағы әлем бойынша академиялық медициналық орталықтардың тиімділігін арттыруға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін беріледі.

Профессор Пиньятелли бұл сыйлықты дүниежүзілік академиялық денсаулық сақтау қаымдастығына бірнеше бағыт бойынша қосқан үлесі үшін алды, атап айтқанда:

- AAHCI алдындағы көрегендігі мен бастамашылығы;

- Әлем бойынша академиялық медициналық орталықтардың дамуына қосқан елеулі үлесі;

- AAHCI-дің Америкалық медициналық колледждер қауымдастығымен (AAMC) бірігуі кезеңіндегі негізгі және ортақ рөлі;

- Орталық Азияда және одан тыс жерлерде AAHCI қызметі бойынша тұрақты басшылығы;

- 2021-2023 жылдар аралығындағы Басқарушы комитеттің төрағасы ретінде қызметі.

Профессор Пиньятеллидің көшбасшылық қабілеттері мен көпжылдық тәжірибесі тек Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ дүниежүзілік қауымдастық аясында медициналық білім беру секторындағы айтарлықтай прогреске ықпал етіп келеді.

NU академиялық қауымдастықпен бірге профессор Пиньятеллиді академиялық денсаулық сақтау жүйесін басқаруда сапа стандарттарын белгілеп, шыңдарды бағындырумен шын жүректен құттықтайды.

Қосымша ақпаратты bayan.abilova@nu.edu.kz поштасы арқылы сұратуға болады.

Ұқсас жаңалықтар