барлық жаңалықтар
25 қараша 2024 Оқиғалар

Декарбонизация және жасыл сутегі – NU-да энергия ауысу жөнінде конференция өтті

Декарбонизация және жасыл сутегі – NU-да энергия ауысу жөнінде конференция өтті

25 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

25 қарашада Nazarbayev University-де (NU) «Қазақстанның энергия ауысуы үшін халықаралық ынтымақтастық» конференциясы өтті.

Ол Германияның Федералдық сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Energy in Transition – Powering Tomorrow» көшпелі көрмесінің ашылуына қарай орайластырылған. Бұл көрме Қазақстанның төмен көміртекті экономикаға көшуіндегі энергетиканың рөлін зерттеуге арналған өзекті алаң болмақ.

Конференцияда NU президенті профессор Вакар Ахмад, Германияның Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен ханым, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич ханым және басқа да аса мәртебелі қонақтар алғы сөз айтты.

«Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске ерекше көңіл бөледі, бұл экономикасы ұзақ уақыт бойы көміртекті қажетсінетін табиғи ресурстарға тәуелді болған ел үшін елеулі өзгеріс әрі зор мүмкіндік. Осындай қиындықтарға қарамастан, Қазақстан 2013 жылғы жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында баяндалған климаттық мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуда», — деп атап өтті NU президенті өз сөзінде.

Ол сондай-ақ Аустралия мен Солтүстік Африка сияқты аймақтардың жасыл сутегі өндірісінде көшбасшы екеніне қарамастан, Қазақстанның тұрақты даму үшін жаңартылатын энергия ресурстарының әлеуеті зор екенін атап өтті, дегенмен бұл мүмкіндік осы уақытқа дейін жеткілікті түрде зерттелмеген. Оған қоса ол NU-дың зерттеушілер тобы Қазақстанның жасыл сутегі энергетикасын ілгерілетуде маңызды рөл атқара алатын үш негізгі бағытты белгілегенін атап өтті: су, жаңартылатын энергия көздері және маңызды шикізат материалдары.

Шарада энергия ауысудың әртүрлі аспектілеріне арналған үш сессия ұсынылды: Қазақстандағы жасыл сутегі: прогресс және жоспарлар (декарбонизация); Орталық Азияда жаңартылатын энергия саласын дамыту; «Ғимараттардың энергиялық тиімділігі».

Ұқсас жаңалықтар