
7 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңізҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жасанды интеллект және инновациялық шешімдер саласындағы ғылыми әзірлемелермен танысты.
ISSAI-да делегацияға денсаулық сақтау жүйесіне іс қағаздарын жүргізу үшін де, ауруларды диагностикалау үшін де енгізуге болатын AI мүмкіндіктері көрсетілді. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановты профессор Гүлнұр Қалимолдинаның жобасы таңғалдырды, ол трибоэлектр датчиктер технологиясын қолдана отырып, табан жалпақтығын анықтауға арналған өздігінен жұмыс істейтін сенсорлық ұлтарақты ұсынды. Инновациялық технология балаларда аутизмді диагностикалауға, сондай-ақ спортшылар мен ота жасатқан науқастардың оңалту процесін бақылауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ұсынылған жобалардың әлеуетін атап өтті: «Денсаулық сақтау министрлігі кез келген инновациялық өнімді қолдайды. Мен жас студенттердің жұмыс істеп, осындай нәтиже көрсетіп жатқанына қуаныштымын. Ведомство тарапынан технологияны пилоттық режимде енгізу және осы өндірісті Қазақстанда жолға қою үшін мүмкіндіктер іздейтін боламыз».