барлық жаңалықтар
11 желтоқсан 2024 Оқиғалар#NUnews

19 ғалымға мемлекеттік наградалар табысталды

19 ғалымға мемлекеттік наградалар табысталды

11 желтоқсан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

11 желтоқсанда Nazarbayev University-де (NU) қызметкерлермен биылғы соңғы Town Hall кездесуі өтті.

Іс-шара аясында жыл қорытындысы шығарылып, университеттің басты жетістіктері атап өтілді.

NU президенті профессор Вакар Ахмад алғыс сөз айтып, университеттің үш жылдық даму жоспарын ұсынды. Ол университет алдына 2030 жылға қарай Times Higher Education бойынша әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарына кіру мақсаты қойылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта университет 501-600 диапазонында орналасқан және Орталық Азия мен Кавказ ЖОО-лары арасында көш бастап тұр.

“Біз әлемнің үздік 300 университеті қатарына кіруге ұмтылатын боламыз, бұл үлкен жұмысты қажет етеді. Оқыту және ғылыми зерттеулер саласындағы рейтингтерді көтеруге ерекше назар аудару қажет. Біз сондай-ақ Interdisciplinary Science Rankings рейтингіне қатысуға өтініш береміз және Impact Rankings-ке өтініш беру мүмкіндіктерін зерттейміз”, — деді Вакар Ахмад.

Іс-шара кезінде Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек профессор-оқытушылар құрамын алдағы мерекелерімен құттықтап, Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарын және медальдарын табыс етті. Атап айтқанда, ғалымар “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” және “Ана тілді дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгілерін иеленді.

Министр ғалымдардың еңбегін мойындаудың маңызын атап өтіп: “Біз сіздердің еңбектеріңіз жиі тасада қалатынын түсінеміз және бұл жағдайды өзгертуге ниеттіміз. Сіздер – қазіргі заман батырларысыздар. Бүгін біз 50 алғыс хат пен медаль дайындадық, алайда бұл да аздық етеді. Алдағы уақытта сіздердің еңбектеріңізді жиі атап өтеміз деп уәде беремін, бұл әсіресе жастарымыз үшін өте маңызды”

Сонымен қатар NU президенті университет қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстау арқылы олардың кәсібилігі мен адалдығын атап өтті.

Одан кейін ресми түрде 8 жылдан астам NU-да провост ретінде қызмет еткен доктор Илесанми Адесиданы зейнетке шығарып салу рәсімі өтті. ҒЖБМ министрі мен университет басшылығы оған оқу орнының білім беру процесі мен ғылыми жұмысын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін рақмет айтып, жылы лебізін білдірді. Ал Ұжымдық пайдалану кеңсесінің Нанофабрикация зертханасында доктор Аденің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Ол дәл осы зертхананы өзі құрған, мұнда оның саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар