
7 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз2025 жылдың 4 ақпанына қараған түні Университеттік медицина орталығының (UMC) медициналық командасы елде 100-ші донорлық жүрек трансплантациясын сәтті өткізді.
UMC – Назарбаев Университетінің алдыңғы қатарлы технологиялары болашақ дәрігерлердің академиялық дайындығымен ұштасатын жетекші медициналық орталығы және клиникалық базасы. Донор 62 жастағы ер адам, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болды, дәрігерлер оның инсульт салдарынан ми өлімін тіркеді. Жүрек реципиенті, 54 жастағы Алматы тұрғыны, қан айналымын қолдауға арналған механикалық имплантаты – LVAD көмегімен операцияны күтіп жүрген. Бұл құрылғы «трансплантацияға көпір» болып табылады және жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттерге ағза трансплантациясын күтуге көмектеседі.
«Құрылғыны имплантациялағаннан кейін пациент қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдап, тексеруден өтіп жүрді және 4 жыл бойы жүрек трансплантациясын күту парағында болды. Донорлық ағза мен пациенттің үйлесімділігі максималды сәйкестікті көрсетті. Біз пациентке қоңырау шалып, жүрек трансплантациясын жасау мүмкіндігі туралы жаңалықты хабарладықі», - деп бөлісті UMC Жүрек орталығының кардиолог дәрігері, LVAD қызметінің жетекшісі Наиль Хисамутдинов.
UMC Жүрек орталығының кардиохирург дәрігері Әсел Медресова атап өткендей, санитарлық авиация ұшағы тұманға байланысты Қарағандыға қонды. Сабыр сақтаған медициналық бригада жол полициясының сүйемелдеуімен органды дер кезінде Астанадағы емханаға жеткізді. Донорлық ағзаны трансплантациялау медициналық орталықтардың, үйлестірушілердің, санитарлық авиацияның, трансплантологтардың және осы процеске қатысқандардың бірлескен командалық жұмысының арқасында сәтті өтті. Қазіргі уақытта реципиент клиникада қалпына келтіру және оңалтуін жалғастырады.
Алғашқы донорлық жүрек трансплантациясы UMC Жүрек орталығында 2012 жылдың 8 тамызда клиниканың негізін қалаушы Юрий Пя мен Чехиядан келген кардиохирург Ян Пирктің жетекшілігімен жасалды. Бұл оқиға елдегі қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытудың және азаматтардың қабылдауы мен хабардарлығын өзгертудің бастамасы болды. Жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы реципиент отбасымен бірге салауатты және белсенді өмір сүруді жалғастыруда.
UMC, Университеттік медицина орталығы медициналық клиникалар үшін «алтын стандарт» болып саналатын Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан өткен. Қазір ол Академиялық медициналық орталыққа айналуда. Бұл аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін іргелі ғылым мен жаңалықтарды клиникалық қолдану арасындағы алшақтықты жоюға көмектеседі.