Жоғары қамқоршылық кеңестің бұрынғы құрамы сақталады
Біздің Университеттің негізін қалаушы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза – Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Қорының Жоғары Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы болып табылады.
Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың даму стратегиясын, жарғыларын; мүлікке билік ету тәртібін бекіту; Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру; Университетті, Зияткерлік мектептері мен Қорды қайта құру немесе тарату жатады.
Қазіргі таңда Жоғары қамқоршылық кеңеске тоғыз адам кіреді:
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Жоғары қамқоршылық кеңестің Бірінші төрағасы
- Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы
- Исекешев Әсет Өрентайұлы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
- Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары
- Ақышев Данияр Талғатұлы, Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі
- Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
- Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
- Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
- Катсу Шигео, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті