Жоғары мемлекеттік мектебінде Ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың 26 наурызында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде көпшілік қауымға Ашық есік күні өтті.  Барлық келушілерге Мектеп ұсынып отырған мемлекеттік саясат саласындағы магистратура  бағдарламасы (Master in Public Policy – MPP) туралы, оның ішінде оқуға түсу, ұсынылып отырған мемлекеттік грант және оқу бағдарламасы туралы ақпаратты алу мүмкіншілігі берілді.
Келушілердің алдында Назарбаев Университетінің Провосты Саймон Джонс, Мектептің Қауымдастырылған  профессоры Питер Хауи, сондай-ақ  Сингапурдың Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің бұрынғы Вице-Деканы профессор Эдуардо Арарал сөз сөйледі.
«Магистратура бағдарламасы бойынша оқыту таза ағылшын тілінде өткізілетін болады, сабақтарды  Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің үздік оқытушылары жүргізеді. Бағдарлама шеңберінде студенттер Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстан үшін өзекті мәселелерді Сингапурдың тәжірибесімен салыстыра отырып білім алуға мүмкіндік алады. Магистранттар мемлекеттік қызметшілермен, практиктермен және нақты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады», – деп хабарлады Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры Әлжан Бралиев.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат  саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініштерді қабылдау жүргізіп жатыр. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жүргізілетін болады. Аталған бағдарлама бойынша оқыту ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры Әлжан Бралиевтің айтуы бойынша, оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Талапкерлердің мемлекеттік органдарда немесе әлеуметтік, халықаралық ұйымдарда немесе мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайтын ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс.
apkecm.nu.edu.028917 apkecm.nu.edu.028915 apkecm.nu.edu.028916 apkecm.nu.edu.028914 apkecm.nu.edu.028913

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz