Жоғары білім мектебі магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынды

Назарбаев Университетінде Жоғары білім мектебінің магистратура және PhD докторантурасының жаңа бағдарламаларына студенттер қабылдау бойынша науқан басталды. Оқудың барысында халықаралық біліктілігі бар оқытушылар студенттерге әлемдік деңгейдегі білім береді, бұл Мектептің түлектеріне қазақстандық білімнің білім беру векторларын айқындайтын көшбасшыларға айналуға мүмкіндік береді.
Білім берудегі менеджмент мамандығы бойынша магистратураның және білім берудегі PhD докторантураның өте жоғары сапалы бағдарламаларын жоғары оқу орындарының рейтингтерінде үстіңгі жолдарда тұрған серіктес университеттер – Кембридж университеті (Ұлыбритания) мен Пенсильвания университеті (АҚШ) әзірлеген. Магистратура және докторантура бағдарламасында студенттердің серіктес жоғары оқу орындарының ғалымдарының зерттеулеріне қатысуы көзделген, бұл оларға бірлескен халықаралық жобаларға қатысудың бірегей тәжірибесіне ие болуға мүмкіндік береді. Студенттерге дәріс оқу үшін озық шетелдік университеттердің профессурасы шақырылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, Назарбаев Университетінде оқу студенттерге инновациялық және көп мәдениетті ортада жаңа білім деңгейін алуға мүмкіндік береді.
Жаңа Мектепте білім алудың енді бір артықшылығы ақысыз оқу болып табылады – барлық студенттерге оқудың ақысын және шәкіртақысын өтейтін білім алу гранттары беріледі. Сонымен қатар, студенттер университеттің кампусындағы жатақханамен қамтамасыз етіледі.
«Біздің ниетіміз – өз түлектеріміз Қазақстанда тиімді әрі бәскеге қабілетті білім беру жүйесін құруға елеулі үлес қосуы үшін, олардан жаңа білімдер мен жақсы іс-тәжірибелік машықтарға ие болған мықты кәсіпқойлар жасау. Бұл бүгінде, салада реформалау және жаңарту жүріп жатқан уақытта ерекше маңызды»,- дейді Жоғары білім мектебінің бас атқарушы директоры Аида Сағынтаева.

apkecm.nu.edu.029735

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz