Жоғары білім көшбасшыларының III Еуразиялық форумы «Табысты университетті құру жолдары»

Биылғы жылы «Табысты университетті құру жолдары» атты форумның басты тықырыбын талқылау аясында «Табысты университет болу нені білдіреді?», «Қалай табысты университет болуға болады: жаңа университет құру немесе ескі университетті түрлендіру?», «Табысты университет студенттердің көзімен», «Табысты университет ұстаздардың көзімен» және «Табысты зерттеу университеттері» деп аталатын панельдік сессиялар жұмыс істейді.  Назарбаев Университетінің пікірталас алаңдарында Қазақстанның жетекші ЖОО ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд, Фукуа атындағы Бизнес мектептері мен Дьюк университетінің ғалымдары жиналды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың байқауынша жыл сайын форумға тек ғылыми тағылымдарға ғана емес, сонымен қатар әлемнің таңдаулы университеттерінің іргесін қалау тәжірибелеріне ие жетекші шетелдік университеттерден спикерлер шақырылады.

ҚР Вице-Премьері Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Беларусь Республикасының Білім министрі Сергей Маскевич және т.б. форум қатысушылары жиналған қауымға құттықтау сөздерін жолдап, баяндамаларын оқыды.

EHELF – мәнді баяндамалар ұсыну, жоғары білімнің өзекті мәселелері бойынша пікірталас өрістету және білім беру жүйесінің жаһандық трендтерін анықтайтын танымал алаң.  Форумның шетелдік қонақтары панельдік сессия барысында университеттердің бизнес-табыс тәжіриберелерімен бөліседі. Осы жылы форум қатысушыларының арасында қазақстандық студенттер және шетелдік студенттердің болғаны да маңызды. Олардың арасында Еуропалық студенттер одағының басшысы Рок Приможич – бүкіл Еуропа студенттерінің  мүддесін қорғаушы және ірі парламенттік дебаттардың тұрақты қатысушысы болды. Сонымен қатар, Жоғары білім көшбасшыларының III Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға арналған білім беруді реформалаудың стратегиялық  бағыттарын жүзеге асыру» Жол картасының нәтижелері ұсынылды.

Жетекші халықаралық ұйымдар, отандық және батыстық ЖОО ғалымдары ҚР білім беру саласында ауқымды зерттеулер жүргізгендері мәлім.  Соның ішінде: соңғы жылдардағы зерттеулерде мектепке дейінгі, орта, кәсіби-техникалық оқыту және ЖОО жүйелеріндегі реформалардың тиімділігі бағаланды. Сарапшылар шығарған нәтижелер білім беру жүйесінің келешектегі дамуы үшін стратегиялық бағыттарды анықтауға септігін тигізеді.

Жоғары білім көшбасшыларының III Еуразиялық форумының қорытындысы ретінде форум материалдары Thomson Reuters ғылыми базасында индекстелетін жинақ ретінде жарияланады. Берілген базаға тек қана зерттеушілер және ғалымдар  топтары үшін үлкен қызығушылық тудыратын мәліметтер енеді.

Коммуникациялар және маркетинг департаменті,

Назарбаев Университеті, дербес білім беру ұйымы
Мекенжайы: Астана, Қабанбай батыр д, 53
Тел: +7(7172)709357, 706088, 706089, 708954
Email: pressa@nu.edu.kzwww.nu.edu.kz