Жоғары білім көшбасшыларының екінші еуразиялық форумы жаһандық трендтер мен олардың өңірлік дамуға тигізетін ықпалына арналған

2013 жылғы 12-13 маусымда  Астанада Жоғары білім көшбасшыларының екінші еуразиялық форумы өтеді.  Форумды ұйымдастырушы – Назарбаев Университеті. Биылғы жылы форумның қатысушылары жоғары білім саласындағы жаһандық трендтер мен олардың өңірлерге тигізетін ықпалын талқылайтын болады.
Бүгінгі таңда форумға қатысу үшін Еуропаның, Азияның, Солтүстік Америка мен Австралияның 30-ға жуық елдерінен 500-ден астам қатысушы тіркелді.

Жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумы күн тәртібінің стратегиялық мәселелеріне негізделген үш пленарлық сессияны ұсынады. Ал дөңгелек үстелдер форматында өтетін көп жақты пікірталастар жаһандық тәжірибемен алмасуға қолайлы жағдайларды туғызатын болады. «Жоғары білім беру жүйесінің бұрынғы қалыпта тұра беруі мүмкін емес екендігін біз бәріміз түсінеміз, ол әлемде болып жатқан жаһандық процестерге сәйкес өзгеруі тиіс. Форумға қатысушылардың ұсыныстары мен бастамалары, саланың маңызды мәселелерін талқылау білім беру мекемелерінің басшыларына өздерінің басқару қызметін барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді»,- деп санайды форумның ұйымдастырушы комитетінің мүшесі Аида Сағынтаева.

Биылғы жылғы форумның тақырыбы: «Жоғары білім беру саласындағы жаһандық трендтер мен олардың өңірлерге тигізетін ықпалы». Биылғы форумның күн тәртібі университеттердің көшбасшылығы, жауапкершілігі және оларды басқару; жоғары білімдегі стратегиялық көшбасшылық; білім берудегі жаһандық трендтер мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстанның ЖОО кітапханашылары үшін арнайы кәсіби семинарды өткізетін болады.  

Форум  спикерлерінің арасында – Ирландияның Жоғары білім басқармасының атқарушы директоры Том Боланд; АҚШ-тағы «Бэбсон» және «Олин» колледждерінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, бес беделді оқытушылар сыйлығының иегері профессор Ричард К. Миллер; Дүниежүзілік банкте Еуропа мен Азияның 27 елдері бойынша білім беру саласындағы саясат мәселелері жөнінде көптеген жылдар бойы жұмыс істеген профессор Стивен П. Хейнеман бар.
Сонымен қатар, форумның негізгі сессияларының бірі ретінде қазақстандық білім беру жүйесіне шолу жасау болып табылады. Шолуда еліміздің білім беру реформалары мен олардың тиімділігі қарастырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлердегі отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бағыттар анықталатын болады.

apkecm.nu.edu.030540

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz