Жоғары білім беру мектебі алғашқы PhD студенттерін қарсы алуда

Жоғары білім беру мектебінде PhD бағдарламасының студенттері үшін бағдарлану күні өтті. Бүгінгі күні докторантура сабақтарына алғашқы 12 студент аяқ басты, олардың көпшілігі шетел жоғары оқу орындарының магистратура түлектері. PhD бағдарламасының іске асуымен Назарбаев Университетінде оқуды жалғастырып, Қазақстандағы білім саласындағы философия докторы атағын алуға мүмкіншілік туды.

1

Жоғары білім беру мектебінің PhD студенттері мен мұғалімдер

Докторанттарды құттықтауға университет атынан провост Саймон Джонс, студенттер ісі және халықаралық қатынастар бойынша вице-президент Қадиша Даирова, академиялық мәселелер бойынша провост Лоретта О Доннел қатысты. Студенттерді қарсы ала отырып, өзіңді білім саласына арнау, Назарбаев Университетінің докторанты болу – үлкен құрмет пен үлкен жауапкершілік екенін атап өтті, сондай-ақ бүгінгі студент ертеңгі Қазақстандағы білімге қажет болатын, интеллектуалды элита мен елдің  дамуын қалыптастыруға үлес қосатын ғалымдар деген үміт артты.

2

Провост Саймон Джонс студенттерді қарсы алуда

Докторанттармен танысу барысында Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған деканы Линн Парментер қалай оқу және қалай студент болуға байланысты құнды кеңестер айтты. Сондай-ақ, “жақсы ғалымның екі қасиеті бар – сенімділік пен сыпайлық. Сенімділік,  өмірде өз орныңды көруге және сіз бүгін эксклюзивті және формальды қосылып  ғаламдық диалогтің бөлігі болуына, ал сыпайылық, өзіңнің көп нәрсені білмейтініңді түсіну”.

3

Қауымдастырылған декан Линн Парментер

Жоғары білім беру мектебінің студенттері әлемдік деңгейдегі әріптес университеттермен, орта білім беру бағдарламасы орта білімді зерттеудің көшбасшысы-Кембридж университетімен, жоғары білім беру бағдарламасы жоғары білім беруді басқару мәселесінің көшбасшысы-Пенсильвания Университетімен әзірленген бағдарламалар бойынша оқитынын атап өткен жөн. Бұдан басқа, докторанттар әріптес университеттердің ғалымдарымен бірігіп зерттеулер мен жобалар жүргізеді.

4

PhD бағдарламасының тұңғыш студенттері бір – бірімен және оқытушылармен танысуда

5

Айдар Хорошаш, PhD студенті

“Мен Шығыс Англия Университетінің магистратурасының түлегімін, австралиялық алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарының бірінде білім саласындағы философия докто��ы дәрежесін алуды жоспарладым. Бағдарламаның Назарбаев Университетінде ашылатынын білген соң, осында ешбір ойланусыз құжаттарымды тапсырдым енді өз жоспарымды отанымда іске асыруға мүмкіншілік бар. Ал қазір мықты білім алуды асыға күту үстіндемін”. Мен, негізінде іскер адаммын, сол себепті Жоғары білім беру мектебіне теориялық және зерттеушілік қолдау үшін келдім. Толық оқуды аяқтағаннан кейін, мен өз жұмыс орныма барып, сапалы жаңа деңгейдегі әкімші-жетекші ретінде Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде инновациялық идеяларды дамытуды жалғастырамын. Қазіргі кезде біздің мектептерге ғылым докторлары қажет екеніне сенімдімін”.