Жоғары білім беру көшбасшыларының V Мерейтойлық Еуразиялық форумы 2016

2016 жылғы 26 мамырда Назарбаев Университетінде (Тұран даңғылы жағынан кіру) қазақстандық білім беру саласында маңызды оқиға болып табылатын Жоғары білім беру көшбасшыларының V Мерейтойлық Еуразиялық форумы  (EHELF) өтуде. 2016 жылғы форумның тақырыбы – «Жоғары білім және экономиканы жаңғырту: инновациялық және кәсіпкерлік ЖОО-лар». Форумның іс-шаралар бағдарламасы халықаралық және отандық сарапшылардың, ЖОО және бизнес қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткізілетін пленарлық мәжілісті, сондай-ақ  Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау семинарларын қамтиды.  Форумға Қазақстан, Ұлыбритания, Израиль, Қытай, АҚШ, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей сияқты алыс және жақын елдерден келген 300-ден астам адам қатысып отыр.

Іс-шараға қатысушылар ел экономикасын жаңғыртудағы университеттердің рөлін талқылау барысында өздерінің пікірлерімен және өздерінің тәжірибесімен бөлісуде. Университеттерде ғылымды қажетсінетін салалар мен инновациялық өндірісті құру, қазіргі заманға сай кадрларды даярлау, сондай-ақ дәстүрлі академиялық құндылықтарға шығын келтірмей, ЖОО-ларды заманауи, серпінді және  білім жинақтайтын орындарға айналдыру мәселелері  пленарлық мәжілістің негізгі мәселесі болып табылды.

Пленарлық мәжілістің спикерлері:  Джозеф Клафтер, Тель-Авив университетінің президенті, Израиль, Асылбек Қожахметов, Алматы Менеджмент Университетінің президенті, Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Нунзио Квакарелли, QS рейтинг агенттігінің басқарушы директоры, Ұлыбритания.

Форум жұмысының негізгі бөлігі білім мен ғылымның жаңа жетістіктерін жинақтаған Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау бойынша семинарлар болып табылды. Университеттің профессорлары мен қызметкерлері Назарбаев Университетіндегі академиялық сапа, корпоративтік басқару қағидаттары және ЖОО-ларда менеджментті жетілдіру, ғылыми зерттеулерді жүргізу, студенттерді құбылмалы болашаққа  даярлау, кәсіптік бағдарлау тақырыптары бойынша семинарлар өткізді. Өзекті тақырыптардың бірі – инклюзивті білім беру мәселесі. Жоғары білім беру мектебінің профессорлары Қазақстанда алғаш рет және жалғыз болып табылатын, магистратура бағдарламасы бойынша инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшыларды даярлау тәжірибесімен бөлісті, семинар спикерлерінің арасында студенттер және магистранттар. Семинарда сондай-ақ қызықты тақырыптардың бірі болып табылатын жоғары білім беру саласындағы студенттердің өзін-өзі басқару мәселесі туралы тақырып көтерілетін болады.

Сонымен қатар  2016-Жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы Еуразиялық форумының аясында  «Кітапханалық өзара әрекеттесу – 2016: университет кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік тенденциялар («Library Connect-2016»)»  және «Университет кітапханаларын дамытудағы заманауи трендтер: тәжірибе, проблемалар және перспективалар – 2016» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілуде.

Коммуникациялар және маркетинг департаменті, Назарбаев Университеті
Тел: +7(7172)709357, 706091, 709449, 694738, 706117
pressa@nu.edu.kz   |   nu.edu.kz