Желтоқсан сәттері

Желтоқсанды cіз немен байланыстырасыз? Астанадағы қармен бе? Терезедегі аяз өрнекпен бе? Жылы үйде отырып ішкен ыстық шаймен бе? Кез келген жауап дұрыс болар деп ойлаймыз.

Қай жағынан алсаң да, желтоқсан – өте ерекше ай. Біріншіден, желтоқсанда қазақстандық қоғамдастық еліміздің Тәуелсіздік күнін атап өтеді, бұл әрбір қазақстандықтың күнтізбесіндегі ерекше күн. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанда құрылған және академиялық еркіндік қағидаларын ұстанатын Назарбаев Университетінің қоғамы үшін де өте маңызды және ерекше болып табылады. 2018 жылы біз Астананың 20-жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің қоғамдастық үшін тағы бір маңызды оқиға. 

Желтоқсан – жылды қорытындылаудың дәстүрлі уақыты. Бала кезімізде «сен биылғы жылы өзіңді жақсы жағынан көрсеттің бе?» деген басты сұрақ болатын. Ересек адам болған кезде де бұл сұрақ өзектілігін жоғалтпайды. Біз басқаларға мейірімді болдық па? Жақындарымызға жылы шырай білдірдік пе? Өз-өзіңе шыншыл, адалмын деп айта аласың ба? Назарбаев Университеті бұл әлемді сәл де болса, жақсы ету үшін үлкен оқиғалардың, маңызды идеялар мен игі істердің ұйымдастырушысы және оларға қатысушы болды. Көп ұзамай, біз НУ бойынша ауқымды өзгерістерді жасаушылардың есімдерін білетін боламыз.

Сайып келгенде, желтоқсан – бұл жаңа жылдың хабаршысы. Жаңа жоспарлар. Жаңа тілектер. Жаңа идеялар. Жоспарлауды қазір бастаңыз, себебі жаңа жылға дейін санаулы күндер ғана қалды. Желтоқсан айы өзіңіз жоспарлағандай болсын.