Жастарды қолдау елдің болашағына салынған инвестиция

IMG_1345Назарбаев Университетінде «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының, «Астана Банкі» АҚ және студенттердің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. «Астана Банкі» АҚ Назарбаев Университетіне екі микроавтобус пен Назарбаев Университетінің ең үздік бес студентіне бір жыл бойы тоқсан сайын төленетін стипендияларды тарту етті.
«Астана Банкі» АҚ аударған демеушілік көмек Назарбаев Университетінің инновациялық және әлеуметтік маңызы зор жобалар мен бағдарламаларға «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының демеушілік көмекті тарту қызметінің аясында көрсетілді.
«Назарбаев Университеті басшылығының атынан Астана Банкінің ресми өкілдерін қошеметтеп, студентерге көрсетілген қаржылық демеуге өз алғысымызды білдіруге қуаныштымын. Бұл студенттерге жоғары оқу орны мен өндіріс орнының арасындағы ынтымақтастық үлгісі ретіндегі жақсы ынталандыру. Астана Банкі студенттерді қолдау дәстүрін жаңғыртқаны бізге жағымды жаңалық», – деп атап өтті Назарбаев Университетінің Студенттік істер және ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова.

IMG_1463«Астана Банкі» АҚ Назарбаев Университетіне екі микроавтобус сыйлап, келер жылда бес студенттің банктік деректемелеріне ақша аударатын болады. Астана Банкінің және Назарбаев Университетінің идеологиясы мен жастар саясатының стратегиялық көзқарасы бір-біріне ұқсайды. Банк Қазақстанның болашағы жастарға денсаулық, шығармашылық және зияткерлік әлеует саласында көмек көрсету арқылы инвестиция жасауға болады деп есептейді.
Назарбаев Университетінің ең үздік бес студентіне бір жыл бойы тоқсан сайын төленетін стипендияларға сертификаттарды «Астана Банкі» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшілері Қайрат Айтбай және Руслан Оразбаев тарту етті.
Бүгінгі күні Назарбаев Университеті Қазақстанның ең үздік жоғарғы оқу орны, оның қабырғасында қазіргі жастардың талантты өкілдері білім алуда. Астана Банкі әр түрлі бағыттағы қазақстандық жастардың жобаларын қолдауды және өркендетуді әрі қарай жалғастырады. Назарбаев Университетімен біздің ең батыл бастамаларымыздың ынтымақтастығы табысты болады деп сенеміз.
Студенттер атынан 4-курс студенті және Студенттік Үкіметтің Бюджеттік Комиссияның Төрағасы Нұрсейіт Құрмантаев сөз сөйледі: «Сіздің банктің белсенді әрі адал клиенті ретінде Назарбаев Университетіне көрсеткен демеушілік көмегіңіз үшін ризашылығымды білдіруге қуаныштымын. Еліміздің білім беру саласының өркендеуіне көрсетіп жатқан көмегіңізді барлығы жоғары бағалайды деп есептеймін.».