Жаңа академиялық бағдарламалар Назарбаев Университетінде ашылды

2017 жылы Назарбаев Университетінде жаңа академиялық бағдарламалардың ашылуы тұралы хабарлауға қуаныштымыз:
• Қолданбалы медбикелік іс бакалавры (Медицина мектебі)
• Мұнай-газ саласындағы ғылым магистрі (Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі)
• Тау-кен ісі саласындағы ғылым магистрі (Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі)
• Қаржы саласындағы ғылым магистрі (Жоғары бизнес мектебі)
• Білім беру саласындағы философия докторы (Жоғары білім беру мектебі)

Сонымен қатар, бүгінгі күні Назарбаев Университеті университет алдындағы дайындық бағдарламасы, 17 бакалавриат бағдарламасы, 23 магистратура бағдарламасы, үш докторантура бағдарламасы және бір «Медицина докторы» бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыруда.
Бағдарламалар бойынша толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады.