Жаңа физикалық әсердің ашылуы туралы. Қосымша фактілер

Қоғам тарапынан жоғары қызығушылықтың туындауына байланысты Назарбаев Университетінің Пресс-офисі профессор Зинетула Инсепов (АҚШ, Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі Якорлік жобасының жетекшісі), профессор Құрбанғали Тыныштықбаев (Қазақстан, Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі Якорлік жобасының қызметкері), доктор Евгений Емелин, доктор Олег Кононенко және профессор Дмитрий Рощупкин (Ресей, РҒА Микроэлектроника мәселелері институты), сондай-ақ доктор Қанат Байғарин (Қазақстан, Назарбаев Университеті Президентінің кеңесшісі) сияқты АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдарының халықаралық тобы жасаған физика саласындағы ғылыми жаңалық жаңалық туралы осы жоба бойынша қосымша ақпарат ұсынады..

Авторлар ашық әсер туралы алғаш рет 2015 жылы «Journal of Applied Physics» журналының ғылыми мақаласында хабарлады. 2017 жылы «Үстіңгі акустикалық толқынды шексіз күшейту» әсерін тәуелсіз сараптамалық бағалау үшін екі тәуелсіз ұйым: Ресей Ғылым академиясының (РҒА) В.А. Котельников атындағы Радиотехника және электроника институты және Ресей Ғылым академиясының Физика-технологиялық институты (РҒА ФТИҒА), сонымен қоса РҒА академигі Ю. В. Гуляевтің төрағалығымен жартылай өткізгіш материалтанудың физика-химиялық негіздері бойынша Ғылыми Кеңес тартылды. Академик Юрий Гуляев Нобель сыйлыйғының лауреаты Лев Ландаудың өзі “Акустомагнитоэлектрлік эффект” ғылыми ашылуының авторы болып табылады. Екі институт пен Кеңес осы зерттеу шын мәнінде акустоэлектроника саласындағы ғылыми жаңалық деп қорытынды берді.

Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі Якорлік жобасының жетекшісі және жаңалықтың тең авторы Зинетула Инсеповтің айтуынша, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаты, атап айтқанда, Петр Капицаның ғылыми жаңалық туралы куәлігі мен күміс медалі ғылыми команда мүшелері үшін күтпеген және бағалы награда болды. Награда Ғылым академиясының бастамасы бойынша беріледі. Бұдан басқа, профессор Инсепов ғылыми жаңалықтың ашылуын АҚШ-та растау алу және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін инвесторлар іздеу келесі кезеңнің міндеті екендігін қоса айтты.

Доктор Зинетула Инсепов  ұзақ жылдар бойы Альберт және Людвиг атындағы Фрайбург университетінде (Германия), Киото университетінде (Жапония) және АҚШ Энергетика министрлігінің Аргонн ұлттық зертханасында жұмыс істеп зерттеулер жүргізді. Мәскеу инженер — физикалық институтының (МИФИ) конденсирленген орталар физикасы кафедрасының профессоры болып табылады. Бірнеше жыл бұрын профессор Инсепов Қазақстанға келіп, Назарбаев Университетінде бірқатар ғылыми жобаларды басқарды.