Ғылымдағы сұлулық осы

Назарбаев Университетінде “Beauty of Science” атты жіп фотокөрмесі ашылды. Университет атриумында жас ғалымдар – Инженерия мектебінің түлегі, доктор Вадим Япиев пен Инженерия мектебінің PhD-студенті Шолпан Кауанованың фотожұмыстары ұсынылған.

Көрме идеясы авторлардың өздерінің ғылыми диссертацияларымен жұмыс істеген кезінде пайда болды. Вадим Япиевтің ғылыми жұмысы Бурабайдың қоршаған ортасын зерттеумен байланысты – барлық суреттер осы аймаққа сапар кезінде жасалған. Шолпан Кауанованың зерттеуі микроскопиялық әдістерді қолданумен тығыз байланысты – нысандардың суреттерін ол Назарбаев Университетінің ғылыми зертханасынан алды.

“Үлкен Шабақты фотосуреті 2013 жылдың көктемінде Көкшетау қаласының шыңынан жасалды. Көрмеге Шортанды (Щучье) көлінің энергетикалық және су балансын өлшеу үшін шағынқұйынды турбулентті тербеліс (Eddy Covariance Method) әдісі қолданылатын микрометеорологиялық станцияның суреті де ұсынылған. Станция 2016 жылы шағын аралда орнатылған. Менің ойымша, біздің көрменің мәні мен құндылығы ғылым мен өнер, әлем мен табиғатты эмпирикалық және эстетикалық қабылдау арасындағы байланыстар болып табылады”, – деп атап өтті доктор Вадим Япиев.

Фотокөрме бір айға созылады және университеттің барлық қонақтары үшін қолжетімді болады.