XVI АЗИЯЛЫҚ ЛОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

XVI Азиялық логикалық конференция Назарбаев Университетінде 2019 жылы 17-21 маусымда өтті. Конференцияда математикалық логика және оның қосымшалары, информатика және философиялық логикадағы логика саласындағы соңғы ғылыми әзірлемелер ұсынылды.

“Осындай деңгейдегі математикалық логига тақырыбы конференциясы Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр”, – дейді Манат Мұстафа, Ғылым және технологиялар мектебінің математика кафедрасының ассистент-профессоры. Атауына қарамастан, конференция барлық континенттердің қатысушылары үшін ашық. Атап айтқанда, биыл іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Канада, Қытай мен Үндістанды қоса алғанда, әлемнің 30 елінен 100-ден астам математик қатысты.

Азиялық логикалық конференция әр екі жыл сайын Азия елдерінің бірінде өткізіледі. Алдыңғы конференция 2017 жылы Тэджонда (Корея) өтті.