Ұлыбритания премьер-министрі Назарбаев Университетінің студенттерімен кездесті

Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапары барысында Назарбаев Университетінде болып, студенттермен кездесті. Қонақ Инженерия мектебінде болды, бұл мектептің академиялық әріптесі британдық жоғары оқу орны – Лондон Университеттік колледжі (University College London) болып табылады.
Болашақ инженерлер Дэвид Кэмеронға механикалық инженерия мен азаматтық құрылыс   саласындағы үш зертханалық эксперимент көрсетті. Эксперименттер барысында мынадай техникалық жабдықтар: аэродинамикалық құбырлар, 3D-принтерлер, төрт цилиндрлік іштен тұтанатын қозғалтқыш және тербелісті өлшейтін аппарат  қолданылды.

Университет кітапханасында британдық үкімет басшысы университет студенттерімен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, британдық премьер бұрын үкімет басында болған көптеген британдық саясаткерлердің, әсіресе Маргарет Тэтчердің жасаған істері оны таң қалдыратынын білдірді. Гарри Потер туралы романдар кейіпкерлерінің арасынан ол Гарри Потер болғысы келетінін айтты. Ал өз өміріндегі ең бақытты сәттер деп Дэвид Кэмерон үйлену тойы болған күнді, бірінші баласының туған күнін және әйгілі спортшы Борис Беккермен теннис ойнаған күнді атады. Болашақта саясатпен айналысуды жоспарлайтын жастарға орныңызға басқа біреулер келіп істеп қоймай тұрғанда, тезірек саясатқа тартылуға кеңес берді. Шотландия тәуелсіздігі туралы мәселеге қатысты Дэвил Кэмерон, оны Шотландия халқы референдумда шешеді, – деп жауап берді. «Біз адамдарға таңдауға мүмкіндік беруіміз керек», -деді Премьер-министр.

Студенттер Дэвид Кэмеронға спорттық киімді: Назарбаев Университетінің бренді бар күртешесі мен бейсболканы сыйға тартты.

apkecm.nu.edu.031126apkecm.nu.edu.031127

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz