Қуатты компьютерсіз бейне ойындарды қалай ойнауға болады? beGAME жобасы

Геймерлер жаңа бейне ойындарды қуатты ойын компьютерісіз ойнауға болмайтынын жақсы біледі. Ойындардағы графика жыл сайын шынайы бола түсуде, бірақ бұл прогрестің кері жағы бар, ол компьютерлерге үнемі өсіп келе жатқан талаптарға байланысты болып отыр. Нәтижесінде, әлсіз компьютерлері бар адамдар минималды параметрлерде немесе тіпті ескірген ойындарда ойнауға мәжбүр, өйткені кез-келген адам қуатты компьютерге қол жеткізе алмайды.

26 жастағы Бекжан Сқақов өз командасымен бірге бұл мәселенің шешімін тапты. Балалар Интернетке қол жетімді кез-келген компьютерден графиканың максималды параметрлерінде ең жаңа компьютерлік ойындарды ойнауға мүмкіндік беретін платформа жасады. Бүгінгі таңда платформада күнделікті өнімді пайдаланатын 800-ден астам пайдаланушылар тіркелген.

«Біздің командада 6 адам бар. Мен – бас директормын, Иман Сүлейменов – техникалық директор, Айдана Сқакова және Нестан Негаметзянова маркетингпен айналысады. Тағы екі бала техникалық қолдау қызметтерін көрсетеді, ал заң мен бухгалтерлік мәселелерді біз аутсорсингтік компанияға бердік», – дейді жобаның бас директоры Бекжан Сқақов.

beGAME – бұл қазіргі заманғы бейне ойындарды «әлсіз» компьютерлерде тікелей деректермен алмасудың озық технологияларын қолдана отырып ойнауға мүмкіндік беретін онлайн ойын платформасы.

«Пайдаланушы платформадағы компьютерлерге қосылып, олардың қуатын ойын үшін пайдаланады. Енді қымбат компьютер сатып алудың, ойындарды жүктеп, орнатудың қажеті жоқ, біз осының бәрін сіздер үшін жасап қойдық», – дейді Бекжан Сқақов.

Жоба идеясының мәні мынада – арнайы платформада тіркелген пайдаланушылар серіктес компьютерлік клубтардағы қуатты ойын компьютерлеріне тікелей қосылады. Мұндай өзара әрекеттесу пайдаланушыларға да, клубтарға да уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

 «Маған осы идея мен өзім осындай проблемаға тап болған сәтте келді. Менің ескі компьютерім болған еді, сол компьютерде ойын ойнағым келді, бірақ өкінішке орай ойынды қоса алмадым. Менің досым Ресейде кез-келген компьютерден ойнауға мүмкіндік беретін сервистің пайда болғанын айтты. Мен олардың қосымшаларын жүктеп алып, ойнағым келді. Бірақ менің алғашқы пайдаланушылық тәжірибем іске аспады. Біріншіден, маған қол жетімділіктің шектеулі болғаны, екіншіден, жауапты  ұзақ күту және суреттің  сапасы ұнамады. Сөйтіп мен проблеманы зерделей бастадым, Интернеттің жылдамдығы 100 мбит/с болса да, Мәскеуге дейінгі қашықтықты деректерді жоғалтпай, миллисекундта өтудің мүмкін емес екенін анықтадым. Осыдан кейін мұндай проблемалар туындамайтын сервисті құру идеясы пайда болды», – дейді Бекжан Сқақов.

Қазіргі нарықта бірнеше ұқсас бұлтты ойын сервистері бар. Ең алдымен, осы сервистердің арасындағы барлық бәсекелестік жауаптың тез қайтарылуында екендігін атап өтуге болады.

«Ешкім 5 секундтық кідіріспен әрекет ететін ойын ойнағысы келмейді. Мәселе мынада, барлығымыз оны мектепте өткен болатынбыз, атап айтқанда Жылдамдық * Уақыт = Қашықтық. Барлығы уақыттың минималды мәніне жетуге тырысады және ол үшін жылдамдықты арттыру немесе қашықтықты азайту керек. Біз екінші нұсқаны таңдадық, өйткені бұл бізге Google Stadia сияқты алыптардан да асып түсуге мүмкіндік беретін болады. Әр қаладағы компьютерлік клубтардың қуатын пайдалану мүмкіндігі қашықтықты минимумға дейін азайтады, бұл өз кезегінде біздің пайдаланушыларымызға Интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды төмендетуге және жедел жауап беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Бекжан Скаков.

Платформаның тағы бір ерекшелігі, әзірлеушілердің пікірінше, басқа бұлтты ойын сервистері тек ойынға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал beGAME компьютерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, компьютерге қол жеткізе отырып, пайдаланушы басқа да бағдарламаларды ойынмен бір уақытта іске қоса алады.

«Біз пайдаланушылардың пікірлерін жинадық, енді платформаны пысықтауды жоспарлап отырмыз. Пайдаланушылар платформада айлық абонементтердің іске қосылуын күтуде. Сондай-ақ жақын арада Қазақстанның ірі қалаларында серіктестерді іздеу жоспарланып отыр», – деп жалғастырды өз сөзін Бекжан Сқақов.

 2020 жылдың соңында beGAME жобасының командасы Назарбаев Университетінің Инновациялық кластерінің акселерациялық бағдарламасына қатысты. 6 апталық бағдарламаның арқасында балалар өздерінің стартаптарын іске қосып, Сан-Францискодағы (АҚШ) жетекші акселератор US Market Access Center (US MAC) бағдарламасына кіре алды.

Анықтама үшін:

НУ Инновациялық кластерінің бизнес-акселераторы бастаушы стартапшыларға білім беру мен менторлық қолдау қызметтерін көрсетеді және FabLab, DCLab, Назарбаев Университетінің зертханаларына, коворкингке қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің шетелдік серіктестерімен өзара әрекеттесудің, сондай-ақ шақырылған қазақстандық және шетелдік инвесторларға өз жобаңызды ұсынудың бірегей мүмкіндігі бар.