Тәні саудың – жаны сау! Назарбаев Университетінде жаңа спорт алаңы ашылды

Университетте Астана Банкімен бірлесіп жаңа ойын-спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.  

Оның негізгі бағыттары: Work Out (ашық кеңістікте спортпен шұғылдануға арналған алаң) және Street ball (доп ойындарына арналған алаң).

Назарбаев Университетінің студенттері спорт жабдықтарын дереу сыннан өткізді. Оқу орнының жас спортшылары жаңа снарядтарда көпшілікке арнап жаттығулар көрсетті.

Жасөспірімдер спортын дамытудың әлеуметтік-жауапты мәні бар қадамның жарқын бір мысалы осындай. Баршаңызды таза ауада спортпен шұғылдануға шақырамыз!