Тамыз айында Қазақстанда Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы өтеді

2012 ж. 20-21 тамыз күні Астанада Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы өтеді. Форум ұйымдастырушысы – Назарбаев Университеті. Осындай деңгейдегі дискуссиялық алаң Қазақстанда тұңғыш рет құрылып отыр.

Бүгін форумға Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 30-ға жуық елдерден білім беру саласының  көшбасшылары мен топ-менеджерлері, жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, үкімет тұлғалар мен саясаткерлер қатысушылар ретінде тіркелді. Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының күн тәртібі зерттеулік ұйымдарын басқару мәселелеріне мән береді.

Бағдарламаның маңызды іс шарасы Назарбаев Университетінің постер-презентациялар болып табылады. Осында автономия мен академиялық бостандық принциптермен қызмет жасайтын университетті басынан бастап қалай құруға болатыны ұсынылады. Аталмыш презентациялар Еуразия аймағының жоғары оқу орындарына қызықты және пайдалы болады. Форум іс тілдері – ағылшын, қазақ, орыс тілдері болып табылады.

Форум спикерлерінің қатарында Кембридж Университетінде Педагогика факультетінің Ғылыми зерттеулер директоры Дэвид Бриджес; Пенсильвания Университетінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебінің профессоры және Жоғары білім беру саласындағы Білім беру Альянсының төрағасы Роберт Земский. Форумға Назарбаев Университетінің халықаралық әріптестерінің қатарынан Кембридж және Лондонның Университеттік Колледжі (Ұлыбритания) және Пенсильвания Университетінің (АҚШ) өкілдері қатысады.

Қазіргі танда жоғары білім беру көшбасшылары Еуразиялық аймағына үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Аймақтың көптеген елдері бүгін даму үдерісінің транзиттік кезенінен өтіп жатыр, және білім беру саласында көптеген реформалар жүріп жатыр. Осы елдер ғаламдық білім беру кеңістігіне интеграция  жасап жатыр.

Көпаралық дискуссияларда қатысушылар ғаламдық тәжірибесімен алмасады. Форум барысында білім беру саласындағы өнімдер мен қызметтер жасайтын әлемдік және аймақтық өндірісшілердің көрмесі өтеді. Сонымен қатар форум барысында Жоғары білім беру мектебінің ашылу рәсімі өтіп, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Жоғары бизнес мектебінің тұңгыш академиялық бағдарламалары ұсынылады.

Форум барысында қатысушылар мен БАҚ өкілдеріне жетекші дүниежүзілік сарапшылар мен зерттеушілер ұсынып жатқан жоғары білім беру үдерістері, сонымен қатар ғылыми зерттеулер, оқыту және білім беру үдерістерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

Қатысушылар 31 шілдеге дейін тіркелінеді.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz