Табысты стартапшының 5 негізгі аспектілері

«Стартап ” сөзі нені білдіреді? Стартаптардың дәстүрлі түсініктегі  бизнестен айырмашылығы неде? Өзіңнің  “шағын стартабыңды”іске қосу оңай ма?

Бүгін бізде қонақта Astana Business Campus Бизнес-инкубаторының жобалық әкімшісі Шыңғыс Айтжанов. Стартап – қозғалысы Марк Цукербергтен бе әлде Илон Маск Hyperloop бойынша жұмысқа кіріскеннен кейін басталды ма ол жағын айту қиын. Нақты  белгілі бір нәрсе, стратаптар – бұл инновациялар, бұл қажет, бұл әрдайым өзекті. Қазір біз бизнес пен ғылым бөлінісінде, кәсіпкерлік пен инновациялар арасында тұрған тылсым  әлемнің есігін жайлап ашуға тырысамыз.

Стартап деген не?

-Бұның не екенін бір рет және біржолата талдайық. Стартап – қайталанатын және кеңейе түсетін бизнес-моделді іздеу үшін құрылған уақытша ұйым.

“Уақытша ұйым”. Әрбір стартаптың мақсаты-компанияға айналу. Табысты стартап-компаниялардың көпшілігінің оқ бойы алға озып, үлкен компанияға айналғанға дейін бірнеше жыл бойғы сәтсіздік тәжірибесі бар.

“…іздеу үшін құрылған..”. Стартаптар нарықта жаңа жоба немесе қызмет жасайды және нарыққа қалай шығу керектігі әрдайым түсінікті бола бермейді. Сіздің клиентіңіз кім екені және осы клиент үшін сату арналарын қалай жолға қою керектігі әрдайым айқын бола бермейді.

“…қайталанатын және кеңейе түсетін…”. Сіздің стартап ұсынатын қызмет немесе өнім жеке компаниялар/тұлғалар үшін жеке шешімдерді әзірлеу арқылы жобаларды ұсынатын дәстүрлі компанияларға қарағанда сіздің стартап барлық клиенттерге арналған  шешімге сай болуы тиіс. Бұдан басқа, стартаптар әдетте нарықтың нақты шеңберлерімен (қала, ел, өңір және т.б.) шектелуі тиіс емес.

“…бизнес-моделдер”. Стартап ұсынған шешім үшін кім төлейді? Клиент шешім үшін қалай төлейді? Стартап Клиентті қалай табады? Стартап үшін Бизнес-модель олардың әрбірін тексеру қажет болатын ұсыныстар жиыны болып табылады.

Табысты стартапшы болу үшін не істеу керек?

-Мен бірнеше негізгі  сәттерді бөліп көрсеткен болар едім:

1. NETWORK

Қазақстанда “бәрін шешетін байланыс” деген пікір қалыптасқан. Мүмкін, менімен келіспейтіндер де бар шығар, алайда стартап үшін пайдалы таныстық өте маңызды болып табылады. Танысу маңызды және мүмкіндігінше көп болғаны дұрыс, өйткені визиткалар арасында кім кездесетінін ешкім білмейді: клиент, серіктес, инвестор, жай ғана фанат немесе бренд-эмбэсадор (brand ambassador) ма?! Стартаптарға, кәсіпкерлікке, инновацияларға арналған іс-шараларға барыңыз. Көптеген адамдармен танысыңыз, идеялармен алмасыңыз, сұраңыз, біліңіз. Сонымен қатар, әрбір адам қысқа уақыт ішінде жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыра алады, өз бизнесін аша алады, сондықтан да байланысты да қолдау қажет. Astana Business Campus барлық жерде қызықты адамдармен танысуға, пікірлестерді табуға, өз идеяларымен бөлісуге және кері байланыс алуға болатын ивенталар өткізеді. Мысалы, 9-10 мамырда басталатын Hakathon (Хакатон), Markethon (Маркетон), индустрияның технологиялық міндеттерін шешу үшін әртүрлі идеялар конкурстары, бір аптадан кейін іске қосылатын ABC Incubation стартап жобаларын инкубациялау бағдарламалары және жақында аяқталған ABC Quick Start акселерациясы.

2. IDEA

Кейде тамаша стартапқа айналдыруға болатын идеялар төңіректе толып жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ, тақырыпты зерттей бастағанда бұның бұған дейін ойлап табылғанымен немесе осындай шешім тек жуырда Indiegogo-да  немесе Kickstarter-де іске қосылғанымен бетпе-бет келесің. Технологиялар мен инновациялардағы трендтерді қадағалап отыру қажет. Telegram – арналарға, әлеуметтік желілердегі инновациялық кәсіпкерлік ардагерлеріне жазылыңыз, инновациялар бойынша онлайн-курстар алыңыз және, әрине, жаңалықтарды қадағалаңыз. Екінші жағынан, идеялар жеке мәселелерге арналған шешімдер сияқты келуі мүмкін. Сіз өз ісіңізде кәсіпқой болғаннан кейін, сіз шешуге қажетті проблемалардың толық тізбесімен бірге қандай да бір қызмет саласының толық көрінісі пайда болады.  Міне, тап осы арада, кейінгіні бір шолып, әріптестеріңіз, курстастарыңыз, жақындарыңыз қандай проблемалармен бетпе-бет келетініне  ой жүгірту керек. Мүмкін, сіз бәріне арналған креативті және ерекше шешім ойлап табарсыз.

3. TEAM

Барлық жұмысты бір өзің жүргізу өте қиын. Бұл мүмкін, бірақ көп уақыт алады. Стартаптар тез дамуы керек, себебі бәсекелестер босқа қарап жатпайды. Сондықтан да тылда және барлық майдандарда өнімнің дамуын қолдайтын жақсы команда немесе dream-team, әр стартаптың маңызды элементі болып табылады. Команда мүшелері арасында “химияның” болуы, олардың дағдылары мен құзыреттіліктері қосылған жиынтықта мүмкін емес нәрселер жасайды. Есіңізде болсын, сіздің балалық шақтағы достарыңыз стартап үшін әрдайым тамаша серіктес бола бермейді. Команданы тек құзыреті бойынша ғана емес, қарым-қатынас жасау қабілеті мен сипаты тұрғысынан да таңдау қажет.

4. SKILLS

Егер сіз медицинада жаңа шешім ұсынатын стартап ашқыңыз келсе, сіз медицина саласындағы сараптамалар мен тәжірибеге ие болуыңыз керек, ал егер сіз студенттерге оқуға көмектесетін қосымшаны “қиыстыруды” қаласаңыз, сіз ең кем дегенде бағдарлама тілін білетін студенттің өзі болуыңыз керек. Бұған қоса, оған сіздің шешіміңіз негізделген технологияларды білу жеткіліксіз. Стартап – бұл тек инновациялар ғана емес, кәсіпкерлік пен бизнес. Сондықтан нақты нарық қалай жұмыс істейтіні туралы базалық білім болмайынша ең жақсы дегенде патентпен, ең жаманы прототиптеу тәжірибесін алумен ғана шектелуге болады. Стартапқа арналған дағдылар, тамаша команданың болуы сияқты, барлық бәсекелестерді артқа тастап, жылдам әрі ұшқыр ауқымданып шапшаң  дамуға көмектеседі.

5. PERSISTENCE

Егер сіз команда жинасаңыз, сіздің шешіміңіз нарыққа қажет екенін түсінсеңіз, негізгі серіктестерді анықтап, өз клиентіңізді қайдан және қалай табуға болатынын білсеңіз, онда ең қиын мәселе – табандылық пен табысқа деген сенімді іске қосу қалады. Стартаптардың барлық команда үшін ғана емес, жалпы нарық үшін де жаңа нәрсе  екенін, ал жаңаның әрдайым қиындықпен қабылданатынын түсіну маңызды.Стартап күн сайын осы жерде және тап қазір шешілуі тиіс жаңа проблемаларға тап болады. Екінші жағынан, ыңғайлы сәтті күтіп, рухты ұстай білу маңызды. Байқауларға, стартап-уикендтерге, хакатондарға және осындай іс-шараларға барынша белсенді қатысу қажет. Осылайша  сіз өзіңіздің стартаптың бағыты  дұрыс екендігін түсінесіз және кері байланыс алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Сайыстарға қатысыңыз және ABC Incubation стартап-жобаларын бизнес-инкубациялау бағдарламасына өтінім беріңіз, осы жылға идеялар мен жобалар үшін өтінімдер жиыны жабық, дегенмен таланттарды жинақтау процесі жалғасуда және сіз осы сілтеме бойынша өтіп тіркеле аласыз http://nuris.nu.edu.kz/abcinc2019 ескерту.

Instagram: @astanabusinesscampus 

Facebook: @abcsciencepark