Студенттік Пре-мед клуб қан тапсырысын ұйымдастырды

«Біз барлықтарыңызды біреудің өмірін құтқаруға шақырамыз. Қан тапсыру денсаулығыңызға зиян келтірмейді, бірақ донорлық қан көп адамдарға өз көмегін көрсетеді», – деп Пре-мед клуб қатысушыларының жолдауында айтылған болатын. Клубтың мүшелері – Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің Пре-медициналық бағдарламасының студенттері.

Ал осыдан бір күн бұрын, 29 наурызда, Пре-мед клубтың мүшелері Университет атриумында салауатты өмір салтына арналған «Healthy Life Style Exhibition» атты ашық көрмені өткізген болатын. Бірінші курстың студенттері қонақтарға қан қысымын өлшеуге, өз дене массасының индексін білуге, өкпе күшін айқындайтын спирографиялық тестіден өтуге ұсыныстар жасады және дұрыс тамақтану туралы ұсыныстар берді. Сонымен қатар, кішкентай балаларға микроскоп арқылы алкогольдің дара жасушалы ағзаларға келтіретін қауіпті зияны туралы көріністер көрсетілді.

Пре-мед клубтың мүшелігіне 20-дан астам адам кіреді, ал Пре-медициналық бағдарлама бойынша Назарбаев Университетінде 60-қа жуық студент білім алып жатыр. 2014 жылдан бастап бағдарлама түлектері Университеттің Медицина мектебінде өз оқуларын жалғастыратын болады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz