Сколково студенттері Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде білім алатын болады

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сколково Мәскеу басқару мектебінің (Ресей Федерациясы) ЕМВА for Eurasia бағдарламасы шеңберінде көшпелі оқу модулін ұйымдастыратын болды. Сколково студенттері келесі жылы келеді деп күтілуде.

Тиісті келісімге 2018 жылы 15 қазан күні РФ Премьер министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Деканы Патрик Дюпарк (Patrick Duparcq) және Сколково Мәскеу басқару мектебінің Президенті Андрей Шаронов қолдарын қойған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген болатын.

ЕМВА for Eurasia бағдарламасы Сколково Мәскеу басқару мектебі мен Гонконг ғылым және технология университетінің (HKUST) стратегиялық әріптестігі шеңберінде келесі жылдың қараша айында басталады. Сколково студенттерін оқыту Еуропа, Азия және Солтүстік Американың жеті елінде өткізілетін болады. Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Operations Management операциялық менеджмент оқу модулі жоспарланып отыр.

2016 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Дьюк Университетінің (АҚШ) The Duke MBA—Global Executive program бағдарламасының тыңдаушыларына көшпелі оқу модулін ұйымдастырудың тұңғыш тәжірибесін алған болатын. Сол кезде Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың 13 елінен 29 студент Астанаға оқуға келген.

Коммуникация және маркетинг департаменті
Назарбаев Университет| 010000, Астана, Қабанбай батыр д, 53
Тел: +7 (7172) 705990, 709357, 706091, 709449, 708954, 709036
pressa@nu.edu.kz | nu.edu.kz