Шығыс философиясының кеңістігі – НУ кампусында

Назарбаев Университетінің мәдени орталығы өткен жылдың шілде айында ашылған болатын. Содан бері орталық барлық қонақтарды жыл бойы  қарсы алуда.  Біз ЧУ “USM” әкімшілік кешенін басқару жөніндегі қызмет менеджері Рауан Кишкеевті әңгімеге тартқан  едік.

 – Орталық 200 шаршы метрге жуық аумақта орналасқан және оған тікелей Жапон бағы, сондай-ақ жапсарлас шыны павильоны кіреді. Жапондық тастар бағы-бұл өзінің философиялық мәні мен қасиетті күші бар орын. Жапонияда тастардың әрқашан ерекше күші бар деген сенім  болғаны белгілі.  Ежелден тастар және қойтастардың жиналуы құдайлар белгілеген қасиетті орын болып саналған. Мұндай жерлерде адамдар салт-дәстүрлер жоралғысын атқарып, мінәжат етіп, медитация жасаған. Бақшаның   тастары арнайы Жапониядан әкелінген.

Бұл біздің бақша –  Жапонияның  Киото қаласында орналасқан бақшаның,  оны көмкерген тастар мен суреттер желілері де дәл көшірмесі. Қызықты факт: егер сіз   баққа оның кез-келген нүктесінен қарайтын болсаңыз, онда сіз бір уақытта 14 тасты  ғана көре аласыз – он бесінші әрдайым тасада болады. Барлық тастарды бір мезгілде тазарудың белгілі бір дәрежесіне жеткен адам ғана көре алады деп саналады.  Менің білуімше, әзірге бұған біздің келушілеріміздің  әлі қол жеткізгені жоқ (күледі).

 Өздеріңізге белгілі, университеттің бас жоспарының эскиздік жобасын әзірлеуші белгілі жапондық сәулетші Кисе Курокава болды.  Сол кезде, құрылыстың ойға алған бастапқы  кезеңінде унивеститет аумағында жапондық тастар бағын орналастыру идеясы ұсынылды. Идея оқу мен білімге ұмтылу, сондай-ақ өзін тану мен әлемге философиялық көзқарас арасындағы тепе-теңдікті көрсету үшін ұсынылған болатын. Осындай қажеттілік әрқашан, барлық халықтарда және барлық уақытта бар ғой деп ойлаймын.

– Қонақтар орталыққа көп келе ме?

– Бүгін біздің орталық тек студенттер үшін ғана емес, басқалардың да сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Мұнда күн сайын, тәуліктің белгілі  бір уақытында жиі келушілер бар. Бұл жерде  балаларымен бақшада серуендейтін аналар жиі кездеседі, олардың айтуынша,  бақшада дем алу балаларды тыныштандырады, олардың ұзақ және алаңсыз  ұйқысына ықпал етеді. Оқудан бос уақытта келіп, бақшада қыдыратын студенттер бар, сондай-ақ мұнда ата-аналарын,  басқа да қонақтарын алып келеді.

 Бұдан басқа, біздің студенттер бұл жерде өз іс-шараларын өткізеді. Орталық аумағында іс-шараны ұйымдастыру үшін біздің қызметімізге сұраныс беріп, ғимаратқа рұқсат алуға болады. Бізге Жапония елшілігінің өкілдері де хат жолдады, олар осында өз іс-шаралары мен фотосессияларын өткізді.

– Бақты  қалай күтіп ұстайсыздар? 

– Келушілерді қуанту үшін кез келген орын таза және ұқыпты  болуы  тиіс деп ойлаймын. Тастар бағына да күтім керек. Қысқы уақытта біз бақшаны қардан қорғау үшін арнайы брезентпен тастарды жабамыз. Бақша ашық аспан астында болғандықтан, әдетте шаң басады, желден құм суреті және т. б. бұзылуы мүмкін. Сондықтан мен үнемі тастардың айналасында құм жамылғысын тегістеймін және толқындарды бейнелейтін белгілі бір сурет бедерін  саламын. Осы мақсаттар үшін біз жапон эскизі бойынша тырма дайындадық. Бұл ретте топтарда тастардың нақты орналасуы мен композициясын және малта тастардағы өзгермейтін суретті сақтау өте маңызды, себебі олар буддизмнің философиялық тұжырымдамасына байланысты белгілі бір ережелер бойынша жасалған. Біздің қызметкерлеріміздің бақшаға күтім жасау ережелерімен Жапониядан арнайы келген және оның дизайнымен айналысқан адам таныстырды.

 Өкінішке орай, бақшаның барлық келушілері осы мәдени нысанның өзін, сондай-ақ оны күтетіндердің еңбегін құрметтеуге дайын емес. Бізде бақшада болу  ережелері, бақшаға кіре берісте орналастырылғанына  қарамастан ақ мәрмәр сынықтарын  бүлдіретін келушілер болады, суретті өшіреді, тастарға отырады, оларды қозғап жылжытады. Бұл жерде жүретін арнайы жолдардың,  олар бойынша келушілер өте алатынынына   жәну бүкіл  бақшадағы тастардың  композицияларын көре алатынына  қарамастан өздерін тым еркін ұстайтындар кездеседі . Осы мүмкіндікті пайдаланып қатысушыларды  бақшанға барынша  құрмет  танытуға шақырамын.Өйткені оның философиясында  табиғатқа, ойланып-толғануға  және оңаша сырласуға деген сүйіспеншілік жатыр. Менімен келісесіздер деп  деп ойлаймын, осы философияны бүлдірмей,  оны аңғарып, түсіне  біліп, таңдану керек. Баршаңызды біздің орталыққа қонаққа шақырамын.